О внесении изменения в решение городского маслихата от 21 октября 2016 года № 5/58 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, проживающих в городе Актау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение городского маслихата от 21 октября 2016 года № 5/58 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, проживающих в городе Актау»
- Атауы (қаз.)
- Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 «Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20/218
- Қабылданған күні
- 29.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2021 127129_520110.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18MA003739
- ЭКБ идентификаторы
- 127129
- Редакция идентификаторы
- 127129_520110
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:23
0 Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 «Ақтау қаласында
тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 13 қыркүйегіндегі №10-11-2857 ақпараттық хатының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы №5/58 «Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3190 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
3 тармақта:
8) тармақша келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым);».
2
2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.