Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ и.о. Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 595 "Об утверждении положений государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан"

Бұйрық · № 686 · қабылданған 29.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2016-no-595-ekb-108119/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ и.о. Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 595 "Об утверждении положений государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан" Қолданыста Бұйрық ·№ 686 ·29.11.2016
29.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ и.о. Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 595 "Об утверждении положений государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан"

Қолданыста Бұйрық ·№ 686 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ и.о. Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 595 "Об утверждении положений государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
686
Қабылданған күні
29.11.2016
Көрсетілген редакция
29.11.2016 108119_129289.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G16ED000686
ЭКБ идентификаторы
108119
Редакция идентификаторы
108119_129289
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:07

0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы туралы ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы (бұдан әрі – Кинологиялық орталық) маман-кинологтарды даярлау, мемлекеттік кірістер органдары, Қазақстан Республикасының арнайы және құқық қорғау органдары үшін асыл тұқымды және түрлі тұқымдағы қызметтік иттерді өсіру және бағып жетілдіру, арнайы жаттықтыру жөніндегі арнайы білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі функцияларды орындауға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мамандандырылған кеден мекемесі болып табылады.»;
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) контрабандаға және есірткі мен психотроптық құралдардың, олардың аналогтарының, жарылғыш заттардың, прекурсорлардың, қару-жарақтың, валютаны, жойылып кету қаупі бар жабайы флора мен фаунаның объектілерін заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды және өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашуға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына, мамандандырылған және құқық қорғау органдарына көмек көрсету;»;
15-тармақтың 4), 5), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) иттерді есірткі мен психотроптық құралдарды, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, валютаны, жойылып кету қаупі бар жабайы флора мен фаунаның объектілерін және өзге де объектілерді іздеуге үйрету;
5) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері (бұдан әрі – ТМД) және алыс шетелдердің жетекші кинологиялық орталықтардың озық тәжірибелерін зерделеу, қорытындылау, тарату және практикалық жұмысқа енгізу, ведоствоаралық және халықаралық курстарды өткізу;»;
9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік кірістер органдарын қызметтік иттермен, ветеринариялық және медициналық препараттармен, азықпен, арнайы құралдармен, әдістемелік әдебиеттермен, арнайы көлікпен және техникамен, оқу деректемелерімен (ұқсатқыштармен), сондай-ақ оқыту және үйрету мақсатында қолданатын материалдармен қамтамасыз ету.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы туралы ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы (бұдан әрі - Орталық кеден зертханасы) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік сараптамаларды жүргізу бойынша функцияларды және өзге функцияларды орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мамандандырылған кеден мекемесі болып табылады»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы туралы ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі – Оқу-әдістемелік орталығы) мемлекеттік мекеме нысанындағы, Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылатын және таралатын, мемлекеттік кірістер органдарының қызметшілері мен қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі функцияларды орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мамандандырылған кеден мекемесі болып табылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (Ә.М. Жетібаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Комитеттің Кинологиялық орталығының, Оқу-әдістемелік орталығының, Орталық кеден зертханасының басшылары заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын.

4 4. Комитеттің Даму және үйлестіру департаменті Ұйымдастыру-қаржы басқармасы (Н.В. Стрельцова) осы бұйрықты Комитеттің Кинологиялық орталығының, Оқу-әдістемелік орталығының, Орталық кеден зертханасының назарына жеткізсін.

5 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы