О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 595 «Об утверждении положений государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 595 «Об утверждении положений государственных учреждений Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 468
- Қабылданған күні
- 28.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2021 157371_532866.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21ED000468
- ЭКБ идентификаторы
- 157371
- Редакция идентификаторы
- 157371_532866
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:22
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы туралы ережесінде:
14-тармақта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу»;»;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүзеге асыру;»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) материалдармен танысу, ұсынылған сынамалар мен үлгілерге олардың жарамдылығы мен дұрыстығы сақталған кезде зерттеу жүргізу, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерін сақтау»;».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;