О внесении дополнения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 21 июня 2016 года № 6 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Служба центральных коммуникаций» Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 21 июня 2016 года № 6 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Служба центральных коммуникаций» Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 6 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 16.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2019 109223_417386.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G17SI000008
- ЭКБ идентификаторы
- 109223
- Редакция идентификаторы
- 109223_417386
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:25
0 «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 6 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 6 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету;
14-2) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл саласымен айналысатын қызметкерлер үшін оқыту және тренингтер өткізу;
14-3) консалтингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізу;».