О внесении дополнений в постановление акимата района от 21 апреля 2016 года № 65 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки за счет средств районного бюджета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата района от 21 апреля 2016 года № 65 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки за счет средств районного бюджета»
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 65 «Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерің кешінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 06.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2019 112918_405263.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NE007109
- ЭКБ идентификаторы
- 112918
- Редакция идентификаторы
- 112918_405263
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:54
0
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 65 «Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерің кешінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 - бабының 9 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 65 «Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерің кешінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6381 болып тіркелген, 2016 жылдың 24 маусымында «Таза бұлақ Чистый родник» аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
1- тармақ мынадай тармақшасымен толықтырылсын:
8) үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2 - тармақ мынадай тармақшасымен толықтырылсын:
27) мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы.
3- тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын:
11) барлық атаудағы суретші;
12) барлық атаудағы әдіскері;
13) музыкалық жетекші;
14) дыбыс операторы;
15) вокал бойынша репетитор;
16) әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;
17) ауылдық маңызы бар басшысы.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы
_____________ Б. Есмұханов