О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 декабря 2016 года № 96 «Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам государственной службы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 декабря 2016 года № 96 «Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам государственной службы»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47
- Қабылданған күні
- 19.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2020 119165_499461.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016470
- ЭКБ идентификаторы
- 119165
- Редакция идентификаторы
- 119165_499461
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:44
0 «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14632 болып тіркелген,
2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың қатарынан қабылданғаны туралы қызмет көрсетуші бұйрығынан үзінді көшірмесі;
2) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың қатарына қабылданбағаны туралы хабарлама.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Көрсетілетін қызметті көрсетушіге жүгінген кезде:
осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);
IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификат көшірмесі, немесе осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша APTIS тестін тапсыруға арналған тіркеу нысаны (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру мекемелерінде дәреже алған үміткерлер, тиісті құжатты ұсынған жағдайда, бұл талаптан босатылады);
еңбек қызметін растайтын құжат (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін қызмет тізімі, басқа да тұлғалар үшін кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе еңбек кітапшасының көшірмесі);
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген 086/У нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, ал жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдама (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);
осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі эссе (магистратураға түсушілер үшін);
осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal), бар болған жағдайда ғылыми еңбектердің тізімі (докторантураға түсушілер үшін).
Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық расталған аудармасымен бірге ұсынылады. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылданған күннен бастап үш ай ішінде нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.
Шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген, сондай-ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберіндегі білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ танылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қоса салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі. Түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады.
2) Қазақстан Республикасының азаматтары порталға жүгіну кезінде:
осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жоғары білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);
IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификаттың электрондық көшірмесі, немесе осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша APTIS тестін тапсыруға арналған тіркеу нысаны (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру мекемелерінде дәреже алған үміткерлер, тиісті құжатты ұсынған жағдайда, бұл талаптан босатылады);
еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін қызмет тізімі, басқа да тұлғалар үшін кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе еңбек кітапшасының көшірмесі);
№ 907 бұйрықпен бекітілген 086/У нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, ал жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдаманың электрондық көшірмесі (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);
осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі эссенің электрондық көшірмесі (магистратураға түсушілер үшін);
осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бар болған жағдайда эссенің, зерттеу жұмысы жоспарының (research proposal), ғылыми еңбектер тізімінің электрондық көшірмесі (докторантураға түсушілер үшін).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті көрсетуші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті көрсетуші осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып беретін талон осы стандарттың
9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаудың расталуы болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұратуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда қызметті көрсетуші өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандарттың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-33-95, 75-34-86, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414,
8 800 080 7777.»;
осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес редакцияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1, 2, 3, 4, 5 және
6-қосымшалары жазылсын;
осы бұйрықтың 7 және 8-қосымшаларына сәйкес редакцияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 7 және 8-қосымшалары толықтырылсын.
бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті берушінің оқуға қабылдау туралы бұйрығы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда қызметті көрсетуші өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қызмет көрсетушінің және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша оның лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет көрсетуші басшысының атына, 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы 33 а, телефоны
8 (7172) 75-33-95мекенжайы бойынша Агенттік басшысының атына беріледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-33-95, 75-34-86, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414,
8 800 080 7777.»;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарты осы бұйрықтың 9 және 10-қосымшаларына сәйкес редакцияда 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын;
бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалар бойынша оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік қызметшілер үшін:
осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыру семинарынан өту үшін толтырылған сауалнама–өтінім (бұдан әрі – сауалнама);
мемлекеттік органдармен берілетін қызметті алушылардың тізімі.
2) басқа жеке тұлғалар үшін:
осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың біліктілігін арттыру семинарынан өту үшін толтырылған сауалнама–өтінім;
мемлекеттік қызметті көрсетуге төлемді растайтын құжат.
Осы стандартта көрсетілген тізбеге сәйкес қызмет алушы толық емес құжаттар пакетін және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, қызмет көрсетуші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«10. Қызмет көрсетушінің және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша оның лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет көрсетуші басшысының атына, 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы 33 а, телефоны
8 (7172) 75-33-95 мекенжайы бойынша Агенттік басшысының атына беріледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қызмет көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-33-95, 75-34-86, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414,
8 800 080 7777.»;
осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес редакцияда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасы жазылсын.
осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес редакцияда 2-қосымшамен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________ Д. Абаев
2018 жылғы 22 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Р. Даленов
2018 жылғы___________
1 Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандартына
1-қосымша
_______________________________
_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
мекенжайы/электрондық поштасы)
Нысан
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясы (бұдан әрі – Академия) оқуға түсу емтихандары мен өткізілген
конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша Сіз
____________________________________ Академияға оқуға қабылданбағаныңыз
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) туралы хабардар етеді.
______________ ___________________________________
(лауазымы) (қол қоятын адамның тегі, аты-жөнінің
бастапқы әріптері)
2 Өтініш
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандартына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясының ректоры
___________________________
(тегі және аты-жөні)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________________ тұратын
(тұрғылықты жерінің мекенжайын көрсету)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
жеке куәлігінің немесе төлқұжатының мәліметтері___________________
__________________________________________________________________
(№, қашан және кім берді, әрекет ету мерзімі)
Өтініш
Мені _________________________________________ мамандығы бойынша
(мамандықты көрсетіңіз)
___ жыл оқу мерзімімен магистратураға/докторантураға бюджеттік/ақылы
(қажеттісінің астын сызыңыз)
негізде оқуға түсу үшін қабылдау емтихандарына жіберуіңізді сұраймын.
Өзім туралы мына мәліметтерді хабарлаймын:
1. туған күні (күні, айы, жылы)______________________________________
2. ұлты______________________________________________________________
3. азаматтығы _______________________________________________________
4. жынысы ___________________________________________________________
5. отбасы жағдайы ___________________________________________________
6. ЖОО атауы, мамандығы және бітірген жылы __________________________
_____________________________________________________________________
7. жұмыс орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. лауазымы _________________________________________________________
9. жалпы еңбек өтілі____, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі __
10. саяси немесе мемлекеттік әкімшілік қызметші
(қажеттісінің астын сызыңыз)
11. кім жіберді (жолдамасы болған жағдайда) _________________________
_____________________________________________________________________
12. телефон нөмірлері: қызметтік ____________________________________
үй __________________________________________________________________
ұялы ________________________________________________________________
қосымша байланыс ____________________________________________________
13. электрондық пошта мекенжайы: ____________________________________
14. жатақхана қажет/қажет емес (қажеттісінің астын сызыңыз)
Мен күмәнді мәліметтерді берген жағдайда, бұл жайт қабылдау емтихандарына
жібермеуге немесе кейіннен Академиядан оқудан шығаруға негіз болатындығы
жөнінде хабардармын және онымен келісемін.
Академияға оқуға Қабылдау қағидаларының талаптарымен таныстым және оларды
сақтауға міндеттенемін.
«____» ___________ 20__ ж. _________________________
(қолы)
3 APTIS тестін тапсыруға тіркеу нысаны
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандартына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясының ректоры
___________________________
(аты-жөнінің бастапқы әріптері, тегі)
APTIS тестін тапсыруға тіркеу нысаны
Мен, __________________________________________________ 2018 жылғы
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
«____» шілдеде ________________APTIS тестін тапсыруға мені тіркеуіңізді
сұраймын.
APTIS тестін тапсырар алдында Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі – Академия)
Қабылдау комиссиясына растайтын құжаттарды 2018 жылғы 14 маусымға дейінгі
мерзімде қолма-қол беруге немесе электрондық поштаға жіберуге міндеттелемін.
Мен Қабылдау комиссиясына растайтын құжаттарды дер кезінде өткізбеген жағдайда,
APTIS тестін тапсыруға рұқсат етілмейтіндігі туралы хабардармын.
______________ ЖШС-даAPTIS тестін тапсыру бойынша менің нәтижелерімнің
Академияның Қабылдау комиссиясына ұсынылуына келісемін.
Академияға оқуға қабылдау талаптарымен таныстым және оларды сақтауға
міндеттелемін.
Келесі мәліметтерді растаймын:
Жеке куәлік немесе төлқұжат бойынша тегі, аты, әкесінің аты анық, баспа
әріптерімен
__________________________________________________________________
Жеке куәлік немесе төлқұжат бойынша тегі, аты, әкесінің аты ағылшын тілінде,
анық, баспа әріптерімен
__________________________________________________________________
Жеке куәлік немесе төлқұжат (нөмірі, кіммен және қашан берілді, жарамдылық
мерзімі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
ЖСН (болған жағдайда) ____________________________________________
Үй мекенжайы, индекспен бірге: ___________________________________
__________________________________________________________________
Ұялы телефон: ____________________________________________________
Қалалық телефон: _________________________________________________
Электрондық пошта адресі: ________________________________________
«____» ___________ 20__ж. _______________
(қолы)
4 Жолдама
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына
4-қосымша
Нысан
(фирмалық бланкіде толтырылады)
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы
Жолдама
______________________________________________________________________
(қызметкерді оқуға жіберетін мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы)
______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),лауазымы, санаты, өтілі)
магистратураға/докторантураға (қажеттісін сызып көрсету)______________
мамандығы бойынша
__________________________________________________бағдарламасы бойынша
1 жылдық /2 жылдық/3 жылдық оқу мерзіміне (қажеттісін сызып көрсету)
оқуға жібереді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға түсу жағдайында __________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметкерді оқуға жіберуші мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
(оқу түсушінің аты-жөні)
магистрлік жоба (бір жылдық оқу мерзімі үшін) / магистрлік диссертация
(екі жылдық оқу мерзімі үшін) / докторлық диссертация (үш жылдық оқу
мерзімі үшін) шеңберінде ____________________________________________
(зерттеу тақырыбы)
мәселесіне зерттеу жүргізуді тапсырады.
Үміткер оқуға қабылданған жағдайда, Академия, оқуға жіберген мемлекеттік
орган және білім алушылар арасында үш жақты шарт жасасуға кепілдік береміз.
«____» ___________ 20__ ж.
_________________ __________ __________________________________________
(лауазымы) (қолы) (мемлекеттік органның саяси мемлекеттік
қызметшісінің немесе жауапты хатшысының
не аппарат басшысының, жоғарыда аталған
лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік
органдарда мемлекеттік орган басшысының
тегі және аты-жөні)
5 Эссе
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
5-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына
5-қосымша
Нысан
Эссе
Магистратураға оқуға түсушілер үшін
эссе жазу бойынша ұсынымдар
1 1. Мотивациялық эссе.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу себептері мен дәлелдері көрсетілуі қажет. Мемлекеттік қызметтегі жеке мансаптық жоспарлау мақсаттары мен міндеттеріне магистратура бағдарламасының қаншалықты сәйкес келетінін, оқу аяқталғаннан кейін алған білімі мен құзыреттерін кәсіби қызметте қалай пайдалануға болатынын түсіндіру қажет. Эссе көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.
2 2. Мамандық бойынша берілген тақырыпқа эссе.
Эссе мақсаты сыни ойлаудан, академиялық хат пен зерттеудің пәндік саласын кәсіби түсіну дағдыларын көрсетуден тұрады. Эссе көлемі 500 сөзден (библиографияны қоспағанда) аспауы тиіс.
Талаптар:
1 1) эссе құрылымы кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады;
2 2) эссе осы тақырып бойынша нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды, ғылыми және басқа дереккөздерді талдауды қамтиды;
3 3) эсседе ойды логикалық және дәлелді баяндау дағдыларын меңгергені көрсетіледі;
4 4) қажет болған жағдайда, әртүрлі талдау әдістерін, мысалы, «шығындар-пайдалар» (cost-benefit analysis), pest-талдау (pest-analysis), көптеген критерийлер бойынша шешімдерді талдау (multi-criteria decision analysis) және басқаларды қолданады;
5 5) дереккөздерге кемінде бес сілтемеден тұратын библиография көрсетіледі.
6 Эссе
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
6-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына
6-қосымша
Нысан
Эссе
Докторантураға оқуға түсушілер үшін
эссе жазу бойынша ұсынымдар
Мотивациялық эсседе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу себептері мен дәлелдері көрсетілуі қажет. Мемлекеттік қызметтегі жеке мансаптық жоспарлау мақсаттары мен міндеттеріне докторантура бағдарламасының қаншалықты сәйкес келетіні, оқу аяқталғаннан кейін меңгерген құзыреттері мен зерттеу нәтижелерін кәсіби қызметте қалай пайдалануға болатыны түсіндіріледі. Эссе көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.
Зерттеу жұмысының жоспары (Research proposal)
Зерттеу жұмысының жоспарын (Research proposal)
рәсімдеу бойынша нұсқаулық
Зерттеу жоспары конкурстық комиссияның мыналарды айқындауына мүмкіндік береді:
1 1) талапкер өзінің зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер мен зерттеулерді жақсы біледі;
2 2) ғылыми тақырыбының өзектілігі дәлелденген;
3 3) зерттеу тақырыбы мемлекеттік басқару мен дипломатияның басты бағыттарына сәйкес келеді;
4 4) талапкердің өзінің зерттеу жұмысын жоспарлауға қабілеттілігі.
Зерттеу жоспары міндетті түрде мынадай компоненттерді қамтуы тиіс:
1 1) зерттеу жұмысының жұмыс атауы;
2 2) зерттеуші қарастыратын мәселелерді (сұрақтарды) белгілеу;
3 3) әдебиеттерге қысқаша шолу және зерттеу жаңалығын негіздеу;
4 4) зерттеу әдіснамасы – деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістері;
5 5) алдын ала зерттеу сызбасы кесте түрінде – зерттеу кезеңдерінің жүйелілігі және әрбір кезеңді іске асыру үшін қажет болатын уақыт;
6 Ғылыми еңбектердің тізімі
6) библиография – жобаның сипаттамасында көрсетілген әдебиет, сондай-ақ зерттеу тақырыбы бойынша басқа да маңызды ғылыми зерттеулер.
Нысан
Ғылыми еңбектердің тізімі
________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
№ р/с
Атауы
Жұмыстың сипаттамасы *
Басып шығару мәліметтері
Жалпы көлемі, б.т., оның ішінде ізденушінің үлесі
Тең авторлар
1
2
3
4
5
6
* монография, оқулық, оқу құралы, мақала және т.с.с.
«____» ___________ 20__ ж. _________________________
(қолы)
7 Құжаттарды қабылдау туралы талон
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
7-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға
қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына
7-қосымша
Нысан
________________________________
(Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Құжаттарды қабылдау туралы
талон
1 1) өтініш;
2 2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін);
3 3) IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификат көшірмесі, немесе APTIS тестін тапсыруға арналған тіркеу нысаны (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру мекемелерінде дәреже алған талапкерлер, бұл талаптан босатылады);
4 4) еңбек қызметін растайтын құжат (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін қызмет тізімі, басқа да тұлғалар үшін кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе еңбек кітапшасының көшірмесі);
5
5) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген 086/У нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
6 6) мемлекеттік органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған жолдама (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін);
7 7) екі эссе (магистратураға түсетін абитуриенттер үшін);
8 8) эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal), ғылыми еңбектердің тізімі бар болған жағдайда (докторантураға түсетін абитуриенттер үшін).
Құжаттарды тапcырды ______________ Құжаттарды қабылдады ____________
«____»______20___ ж. «____»______20___ж.
8 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
8-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясына оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандартына
8-қосымша
_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_______________________________
(мекенжайы)
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсетуге(бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттардың атауы:
1) ____________________________;
2) ____________________________;
3) ____________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Тапсырдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті көрсетушінің қолы__________________
Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы_____________________
20____ жылғы «___» _________
9 Өтініш
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
9-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясында жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
кәсіби бағдарламалары
бойынша оқыту» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясының ректоры
___________________________
(тегі және аты-жөнінің бас әріптері)
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_________________________________________________________________ тұратын
(тұрғылықты жерінің мекенжайын көрсету)
_________________________________________________________________________
жеке куәлігінің немесе төлқұжатының мәліметтері _________________________
_________________________________________________________________________
(№, қашан және кім берді, әрекет ету мерзімі)
Өтініш
Мені _____________________________________ мамандығы бойынша ___ жыл
(мамандықты көрсетіңіз)
оқу мерзімімен магистратураға/докторантура бағдарламасы бойынша
(қажеттісінің астын сызыңыз)
бюджеттік/ақылы негізде білім алушылар қатарына қосуыңызды сұраймын.
«____» ___________ 20__ ж. ________________________
(қолы)
10 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
10-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясында жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің
кәсіби бағдарламалары
бойынша оқыту» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына
2-қосымша
Нысан
________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________________________
(мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызметін көрсетуге (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және (немесе) әрекет ету мерзімі өткен құжаттардың атауы:
1) ____________________________;
2) ____________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Тапсырдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті көрсетушінің қолы__________________
Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы_____________________
20____ жылғы «___» _________
11 Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
11-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясында қайта
даярлау және біліктілікті
арттыру бағдарламалар
бойынша оқыту» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
стандартына
1-қосымша
Нысан
1. Семинардың атауы _______________________________________________
___________________________________________________________________
2. Жоспар-кесте бойынша оқу мерзімі________________________________
___________________________________________________________________
3. Оқуға жіберілетін тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
баспа әріптермен, жеке куәлігі бойынша
Тегі ______________________________________________________________
Аты________________________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда)_____________________________________
4. Туған күні, айы, жылы___________________________________________
5. Жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________
6. Министрлік, ведомство, ұйым, атқарушы билік органы _____________
___________________________________________________________________
7. Лауазымы________________________________________________________
8. Департамент, басқарма, бөлім ___________________________________
___________________________________________________________________
(департаменттің, басқарманың толық атауы)
9. Санаты _________________________________________________________
10. Мемлекеттік қызмет өтілі ______________________________________
11. Осы лауазымдағы еңбек өтілі____________________________________
12. Негізгі функционалдық міндеттері ______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
13. Лауазымға тағайындалған күні, бұйрық №_________________________
___________________________________________________________________
14. Соңғы біліктілігін арттырудан өткен күні ______________________
___________________________________________________________________
15. Мемлекеттік органның пошта адресі______________________________
___________________________________________________________________
16. Оқуға жіберілетін үміткердің қызметтік телефонының № __________
___________________________________________________________________
17. Кадр қызметі телефонының № ____________________________________
___________________________________________________________________
18. Оқуға жіберілетін үміткердің электрондық поштасының мекен-жайы
___________________________________________________________________
19. Таңдалған тақырып бойынша қысқаша эссе ________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мөр орны
___________________________________________________________________
(мемлекеттік органның кадр қызметі басшысының қолы)
(тікелей басшының қолы )
12 Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 47 бұйрығына
12-қосымша
«Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы
Мемлекеттік басқару
академиясында қайта даярлау
және біліктілікті арттыру
курстарында оқыту»
мемлекеттік
көрсетілетін стандартына
2-қосымша
Нысан
1. Семинар атауы _______________________________________________
2. Оқытуды өткізу мерзімі ______________________________________
3. оқуға үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
баспа әріптерімен, жеке куәлігі бойынша
Тегі ___________________________________________________________
Аты ____________________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________
4. Туған күні, айы, жылы _______________________________________
5. Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
6. Жұмыс орны мен қызметі (болған жағдайда толтырылады) ________
________________________________________________________________
7. Оқуға үміткердің телефон нөмірі _____________________________
8. Оқуға үміткердің электрондық пошта адресі ___________________