Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Чингирлауского районного маслихата от 21 апреля 2016 года №2-2 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Чингирлауском районе»

Өзге акт · № 3-7 · қабылданған 20.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2016-no2-2/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Чингирлауского районного маслихата от 21 апреля 2016 года №2-2 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Чингирлауском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-7 ·20.05.2016
11.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Чингирлауского районного маслихата от 21 апреля 2016 года №2-2 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Чингирлауском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-7 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Чингирлауского районного маслихата от 21 апреля 2016 года №2-2 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Чингирлауском районе»
Атауы (қаз.)
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі №2-2 «Шыңғырлау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-7
Қабылданған күні
20.05.2016
Көрсетілген редакция
11.02.2020 102857_443672.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ZM004446
ЭКБ идентификаторы
102857
Редакция идентификаторы
102857_443672
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:04

0 Шыңғырлау аудандық мәслихатының

2016 жылғы 21 сәуірдегі №2-2
«Шыңғырлау ауданында жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер мен
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі №2-2 «Шыңғырлау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4353 тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шыңғырлау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы қосымшасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (яғни рәсімдеу талаптары), ол жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.»;
8-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, республиканың аумақтық тұтастығына қол сұғуға бағытталған транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио, видео) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеуге;».

2 2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Уразғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы