Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года №5/51 «Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»

Өзге акт · № 25/288 · қабылданған 15.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2016-no551/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года №5/51 «Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 25/288 ·15.03.2019
05.09.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года №5/51 «Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 25/288 · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года №5/51 «Об утверждении размеров социальной помощи и перечня категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/51 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25/288
Қабылданған күні
15.03.2019
Көрсетілген редакция
05.09.2022 129837_591062.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19ME003850
ЭКБ идентификаторы
129837
Редакция идентификаторы
129837_591062
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:49

0 Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/51 «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы»

шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1

1. «Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек мөлшерлерін және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/51 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3175 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен 2016 жылғы 16 қарашадағы «Жаңа өмір» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 қосымшада:
келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 5 жолмен толықтырылсын:
«
5
Көпбалалы отбасылар
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар
100 000 теңге
Жылына бір рет
»;
2 қосымшада:
реттік нөмірі 4 жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
4
9 мамыр – Жеңіс күні
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
100 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа)
60 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар (1986–1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа)
50 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғыс жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар
40 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi
40 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың, ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерімен байланысты болған азаматтардың отбасылары
40 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
Екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (күйеулерi)
40 айлық есептік көрсеткіш
Жылына бір рет
».

2

2. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы