Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Карагандинского городского маслихата от 21 июня 2017 года № 172 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Караганды»

Ереже · № 94 · қабылданған 27.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2017-no-172/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Карагандинского городского маслихата от 21 июня 2017 года № 172 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Караганды» Қолданыста Ереже ·№ 94 ·27.09.2023
27.09.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Карагандинского городского маслихата от 21 июня 2017 года № 172 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Караганды»

Қолданыста Ереже ·№ 94 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Карагандинского городского маслихата от 21 июня 2017 года № 172 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Караганды»
Атауы (қаз.)
Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы № 172 «Қарағанды қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
94
Қабылданған күні
27.09.2023
Көрсетілген редакция
27.09.2023 186635_655741.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23KA649009
ЭКБ идентификаторы
186635
Редакция идентификаторы
186635_655741
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:36

0 Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы № 172 «Қарағанды қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы № 172 «Қарағанды қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4297 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
Көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Осы Қарағанды қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.»;
7 тармақтың 2 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, қаланың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа бірінші басшы қол қояды.»;
9 -тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін, құрамына Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары кірген наградтау жөніндегі Қарағанды қаласының әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.»;
10-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді Қарағанды қаласының әкімі мен Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.»;
11-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын Қарағанды қаласының әкімі және (немесе) Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.»;
13 тармақтың 5 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Төменгі бөлігінде Қарағанды қаласы әкімінің және Қарағанды қалалық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы