Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Семей от 21 сентября 2017 года № 18/115-VI «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»

Өзге акт · № 35/244-VII · қабылданған 04.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2017-no-18115-vi-ekb-173859/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Семей от 21 сентября 2017 года № 18/115-VI «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану» Қолданыста Өзге акт ·№ 35/244-VII ·04.11.2022
04.11.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Семей от 21 сентября 2017 года № 18/115-VI «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»

Қолданыста Өзге акт ·№ 35/244-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Семей от 21 сентября 2017 года № 18/115-VI «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»
Атауы (қаз.)
«Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
35/244-VII
Қабылданған күні
04.11.2022
Көрсетілген редакция
04.11.2022 173859_601129.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22FA030491
ЭКБ идентификаторы
173859
Редакция идентификаторы
173859_601129
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:11

0 Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI

«Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетттік тіркеу Тізілімінде № 5226 болып тіркелген), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 2, 2.1., 2.2., 2.3., 2.4., 2.5. тармақтары алып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері

Семей қаласы мәслихатының
2022 жылғы 4 қарашадағы
№35/244-VII шешіміне
қосымша
Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Семей қаласында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу «Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

3

3. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде) төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәләндыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу ай сайын әр мүгедектігі бар балаға оқу жылы ішінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

8 8. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы