О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 21 декабря 2017 года № 272 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по городу Актобе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 21 декабря 2017 года № 272 «Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность по городу Актобе»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 272 «Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен қоммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25
- Қабылданған күні
- 05.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2021 153328_558749.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CA008089
- ЭКБ идентификаторы
- 153328
- Редакция идентификаторы
- 153328_558749
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:20
0 Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 272 «Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен қоммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 272 «Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен қоммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5831 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарында электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен қоммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларында:
орыс тіліндегі мәтінінің 1-тармағына өзгеріс енгізіліп, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.»;
қазақ тіліндегі мәтінінің 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.»;
орыс тіліндегі мәтінінің 6-тармағына өзгеріс енгізіліп, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.