Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 21 июня 2017 года № 311 «Об определении перечня опорных сельских населенных пунктов Костанайской области»

Қаулы · № 323 · қабылданған 16.09.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2017-no-311/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 21 июня 2017 года № 311 «Об определении перечня опорных сельских населенных пунктов Костанайской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 323 ·16.09.2020
21.06.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 21 июня 2017 года № 311 «Об определении перечня опорных сельских населенных пунктов Костанайской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 323 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 21 июня 2017 года № 311 «Об определении перечня опорных сельских населенных пунктов Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 311 «Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
323
Қабылданған күні
16.09.2020
Көрсетілген редакция
21.06.2021 146387_529036.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20N0009454
ЭКБ идентификаторы
146387
Редакция идентификаторы
146387_529036
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:48

0 Әкімдіктің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 311 «Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 және Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 456 «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8826 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы» 2017 жылғы 21 маусымдағы № 311 қаулысына (2017 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7134 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен айқындалған Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесінде:
реттік нөмірлері 13, 14-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
13
Қамысты
-
Алтынсарин ауылы
14
-
Бестөбе ауылы
»;
реттік нөмірлері 30, 31-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
30
Сарыкөл
-
Барвиновка ауылы
31
Комсомол
Комсомол ауылы
»;
реттік нөмірлері 39, 40-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
39
Арқалық қаласы
Ашутасты
Ашутасты ауылы
40
-
Фурманов ауылы
».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы