О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 21 ноября 2017 года № 461 «Об установлении тарифа на регулярные внутриобластные социально значимые автомобильные пассажирские перевозки на территории Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 21 ноября 2017 года № 461 «Об установлении тарифа на регулярные внутриобластные социально значимые автомобильные пассажирские перевозки на территории Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушыларды автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты облысішілік тасымалдауға тарифті белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 461 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 14.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2024 194491_702555.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24S000061A
- ЭКБ идентификаторы
- 194491
- Редакция идентификаторы
- 194491_702555
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:37
0 «Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушыларды автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты облысішілік тасымалдауға тарифті белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 461 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушыларды автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты облысішілік тасымалдауға тарифті белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 461 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4420 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жолаушыларды автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты облысішілік тасымалдау тарифі 1 (бір) километрге 9 (тоғыз) теңге көлемінде белгіленсін.».
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының төрағасы В. Бубенко
2024 жылғы «____» _____________