Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 21 декабря 2017 года № 466 «Об утверждении Правил организации и проведения аукционных торгов, включающие квалификационные требования, предъявляемые к участникам аукциона, содержание и порядок подачи заявки, виды финансового обеспечения заявки на участие в аукционе и условия их внесения и возврата, порядок подведения итогов и определения победителей»

Бұйрық · № 114-н/қ · қабылданған 03.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2017-no-466-ekb-207583/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 21 декабря 2017 года № 466 «Об утверждении Правил организации и проведения аукционных торгов, включающие квалификационные требования, предъявляемые к участникам аукциона, содержание и порядок подачи заявки, виды финансового обеспечения заявки на участие в аукционе и условия их внесения и возврата, порядок подведения итогов и определения победителей» Қолданыста Бұйрық ·№ 114-н/қ ·03.03.2025
03.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 21 декабря 2017 года № 466 «Об утверждении Правил организации и проведения аукционных торгов, включающие квалификационные требования, предъявляемые к участникам аукциона, содержание и порядок подачи заявки, виды финансового обеспечения заявки на участие в аукционе и условия их внесения и возврата, порядок подведения итогов и определения победителей»

Қолданыста Бұйрық ·№ 114-н/қ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 21 декабря 2017 года № 466 «Об утверждении Правил организации и проведения аукционных торгов, включающие квалификационные требования, предъявляемые к участникам аукциона, содержание и порядок подачи заявки, виды финансового обеспечения заявки на участие в аукционе и условия их внесения и возврата, порядок подведения итогов и определения победителей»
Атауы (қаз.)
«Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
114-н/қ
Қабылданған күні
03.03.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.03.2025
Көрсетілген редакция
03.03.2025 207583_746673.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035769
ЭКБ идентификаторы
207583
Редакция идентификаторы
207583_746673
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:50

0

«Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күнінен кемінде 1 (бір) ай бұрын аукциондық сауда-саттықты өткізудің күнтізбелік жылға арналған графигін (бұдан әрі – График) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды. Графикте көрсетілген ақпарат түзетуге жатпайды.»;
8-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8-1. Күн және жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық Графикте көрсетілген салу жоспарланған объектілер үшін электр желілерінің нүктелеріне және резервтелген жер учаскелеріне қосылу мүмкіндігі туралы ақпаратқа сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін осы Қағидалардың 19-тармағы 7) - 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну жүзеге асырылмайды.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Сауда жүйесінің дерекқорына тіркелу үшін өтінім беруші Ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында құжаттарды электрондық түрде:
осы Қағидалардың 19-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларына сәйкес белгіленген қуаты 499 МВт дейін қоса алғанда ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді салу жобалары бойынша;
осы Қағидалардың 19-1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес белгіленген қуаты 499 МВт-тан асатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді салу жобалары бойынша ұсынады.»;
19-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері не Графикке сәйкес жер учаскесін көрсету.
Бұл ретте электр энергиясын өндіру үшін тұтыну қалдықтарынан судың гидродинамикалық энергиясын, тұтыну қалдықтарын, биомассаны, биогазды және өзге де отынды пайдаланатын объектілерді салу жобалары бойынша объектіні салу жоспарланатын тиісті нысаналы мақсаты бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері ұсынылады;»;
19-1-тармақтың 7) және 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«7) осы Қағидалардың 19-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында жиынтық белгіленген қуаты кемінде 100 МВт ЖЭК-ті пайдалану жөніндегі объектілерді инвестициялау, салу және пайдалануға беру жөніндегі тәжірибенің болуын растайтын құжаттар;»;
8) түпкілікті меншік иелерінің, Қазақстан Республикасы азаматтарының және/немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шетелдік қатысусыз акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлесі) кемінде 51% (елу бір пайыз) құрайтынын растайтын құжаттары бар құжаттарды қабылдау кезеңі басталған күннен ерте емес жағдай бойынша түпкілікті бенефициарларға дейінгі меншік иелерінің құрылымы және аукциондық сауда-саттыққа қатысушының шешімдерін айқындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді (қамтамасыз етеді).»;
19-2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«19-2. Қазақстан Республикасында тиісті түрдегі ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді инвестициялау, салу және пайдалануға беру жөніндегі тәжірибе деп аталған ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің меншік иесі болып табылатын, Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде 20% -ы аукциондық сауда-саттыққа сәйкес келетін ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға беру күніне тікелей немесе жанама түрде иелену түсініледі.
Белгіленген қуаты 499 МВт-тан асатын ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді салу жобалары бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушы осы Қағидалардың 19-1-тармағы 7) тармақшасында көзделген тәжірибенің өзінде не аукциондық сауда-саттыққа қатысушының кемінде 51% акциясын жиынтығында тікелей немесе жанама иеленетін жеке және (немесе) заңды тұлғаларда бар екендігін уәкілетті мемлекеттік органдарда тіркелген ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді пайдалануға беру актілерінің көрсетілген фактілерді растайтын көшірмелерін, көрсетілген актілерді тіркеу күніне тіркелген заңды тұлғалар туралы мәліметтерді және көрсетілген актілерді тіркеу күніне тіркеу немесе құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсыну арқылы растайды.»;
61-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«61. Аукциондық сауда-саттықты өткізу Сауда-саттықты ұйымдастырушыда мынадай мән-жайлар туындаған жағдайда сауда-саттық сессиясы ішінде 30 минутқа дейінгі кезеңге тоқтатыла тұруы мүмкін:
1) сауда жүйесінің толық немесе ішінара жұмыс істемеуіне әкеп соққан сауда жүйесіндегі техникалық ақаулар және (немесе) іркілістер;
2) Интернет желісі байланыс арналарының техникалық ақаулары;
3) сауда залын және (немесе) сауда жүйесінің серверлік жабдығын электрмен жабдықтаудағы үзіліс (30 минутқа дейінгі кезеңге).»;
62-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«62. Аукциондық сауда-саттықты өткізуді тоқтата тұрған кезде Ұйымдастырушы сауда-саттық жүйесінде көрсетілген Қатысушының электрондық поштасы арқылы аукциондық сауда-саттықты өткізу процесі қалпына келтірілетін уақытты көрсете отырып, сауда-саттықты тоқтата тұру себебі туралы Қатысушыларды жедел хабардар етеді.»;
63-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«63. Аукциондық сауда-саттықты өткізу мынадай мән-жайлар туындаған жағдайда Сауда-саттықты ұйымдастырушының актісімен жойылуы мүмкін:
1) осы Қағидалардың 61-тармағында көрсетілген техникалық ақауларды жоюға 30 минуттан астам уақыт қажет;
2) сауда залын және (немесе) сауда жүйесінің серверлік жабдығын электрмен жабдықтауда ұзақ (30 минуттан астам кезеңге) үзіліс.
3) аукциондық сауда-саттықты өткізуге кедергі келтіретін, Сауда-саттықты ұйымдастырушының іс-әрекетіне және (немесе) әрекетсіздігіне байланысты емес мән-жайлардың басталуы.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы