О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Сартерекского сельского округа Зайсанского района от 21 апреля 2017 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Когедай Сартерекского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Сартерекского сельского округа Зайсанского района от 21 апреля 2017 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий в селе Когедай Сартерекского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс- шараларын тоқтату және «Сартерек ауылдық округіндегі Көгедай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 шешімнің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 05.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2018 118479_287242.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VKG05455
- ЭКБ идентификаторы
- 118479
- Редакция идентификаторы
- 118479_287242
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:09
0 Шектеу іс- шараларын тоқтату және
«Сартерек ауылдық округіндегі
Көгедай ауылына шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы»
Зайсан ауданы Сартерек ауылдық
округі әкімінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі
№ 5 шешімнің күші жойылды деп тану
туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының басветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 404 ұсынысы негізінде, Сартерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданының Сартерек ауылдық округіндегі Көгедай ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 «Сартерек ауылдық округіндегі Көгедай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5004 болып тіркелген, 2017 жылғы 07 маусымда аудандық «Достық» газетінде және 2017 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.