О внесении изменений в решение Каркаралинского районного маслихата от 21 декабря 2017 года № VI-21/179 «О предоставлении в 2018 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Каркаралинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Каркаралинского районного маслихата от 21 декабря 2017 года № VI-21/179 «О предоставлении в 2018 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Каркаралинского района
- Атауы (қаз.)
- Қарқаралы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № VI-21/179 «Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын 2018 жылы ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- VI-26/232
- Қабылданған күні
- 25.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2018 121766_322197.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KM004754
- ЭКБ идентификаторы
- 121766
- Редакция идентификаторы
- 121766_322197
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:42
0 Қарқаралы аудандық мәслихатының
2017 жылғы 21 желтоқсандағы № VI-21/179
«Қарқаралы ауданының ауылдық
елдi мекендерiне жұмыс iстеу және
тұру үшін келген денсаулық сақтау,
бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен мамандарына әлеуметтiк
қолдау шараларын 2018 жылы
ұсыну туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № VI-21/179 «Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын 2018 жылы ұсыну туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4507 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 08 қаңтарда, 2018 жылғы 13 қаңтардағы «Қарқаралы» № 5-6 (11630) газетінде жарияланған), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын 2018 жылы ұсыну туралы»;
кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9946 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:»;
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, өтiнiш берген сәтiне жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.»;
2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға өтiнiш берген сәтiне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн, маманмен мәлiмделген сомада, бiрақ бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын, бюджеттiк кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.».