О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Новодворовского сельского округа Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 21 июня 2018 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в населенных пунктах Новодворовского сельского округа Бородулихинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Новодворовского сельского округа Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 21 июня 2018 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в населенных пунктах Новодворовского сельского округа Бородулихинского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс – шараларын тоқтату және «Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 07.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2018 125889_369165.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VHK00179
- ЭКБ идентификаторы
- 125889
- Редакция идентификаторы
- 125889_369165
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:42
0 Шектеу іс – шараларын тоқтату және «Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 - бабының 8-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағының 4- тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 12 қазандағы № 747 ұсынысы негізінде, Новодворовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс - шаралар кешенін жүргізуге байланысты Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі Ивановка ауылы, «Мукат» шаруа қожалығы, «Арман» шаруа қожалығы, Сосновка ауылы, подхоз Березовка, «Жумагулов» шаруа қожалығы, санаторий Березовка елді мекендеріндегі шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2
2. «Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс- шараларын белгілеу туралы» Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-161 тіркелген, 2018 жылғы 27 шілдеде «Аудан тынысы», «Пульс района» аудандық газеттерінде және 2018 жылғы 9 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;