О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 259 «Об утверждении классификаторов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 259 «Об утверждении классификаторов»
- Атауы (қаз.)
- «Жіктеуіштерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 415
- Қабылданған күні
- 30.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2021 155742_523051.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022724
- ЭКБ идентификаторы
- 155742
- Редакция идентификаторы
- 155742_523051
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:16
0 «Жіктеуіштерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жіктеуіштерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын код жіктеуіштері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жіктеуіші;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мәміле сипатының жіктеуіші;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сыртқы экономикалық мәмілелер ерекшеліктерінің жіктеуіші;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларға арналған декларацияның 33-бағанының екінші және үшінші бөлімдерінде толтырылатын зияткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар кодтарының жіктеуіші;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес зияткерлiк меншiк объектiлерi құқықтарын қорғау бойынша электрондық өтінішті беру үшін қолданатын, құжаттардың және мәліметтердің жіктеуіші бекітілсін.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 415
бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 259 бұйрығына
5-қосымша
Кодтар
Сипаты
I0100
Зияткерлiк меншiк объектiлерi жоқ тауарлар
I0110
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар
I0200
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар
2 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 415
бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 259 бұйрығына
6-қосымша
Кодтар
Сипаты
I0001
Зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілілігін растайтын құжаттар
I0002
Құқық иеленуші өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхат
I0003
Құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі
I0004
Өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты
I0005
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 461-бабына сәйкес басқа құжаттар