О внесении изменения в постановление акимата города Жанаозен от 21 мая 2018 года № 311 «Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников государственных дошкольных организаций образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Жанаозен от 21 мая 2018 года № 311 «Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников государственных дошкольных организаций образования»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 311 «Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 289
- Қабылданған күні
- 16.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2021 131493_523961.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19MB003889
- ЭКБ идентификаторы
- 131493
- Редакция идентификаторы
- 131493_523961
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:56
0 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы
№ 311 «Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңдарына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 20 қаңтардағы №10-15-134 ұсынысының негізінде, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №311 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3612 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2
2. «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т. Жумалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.