Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 мая 2018 года № 355 «Об утверждении Правил приобретения недропользователями и их подрядчиками товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по добыче твердых полезных ископаемых»

Бұйрық · № 160 · қабылданған 28.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2018-no-355-ekb-140908/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 мая 2018 года № 355 «Об утверждении Правил приобретения недропользователями и их подрядчиками товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по добыче твердых полезных ископаемых» Қолданыста Бұйрық ·№ 160 ·28.03.2020
28.03.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 мая 2018 года № 355 «Об утверждении Правил приобретения недропользователями и их подрядчиками товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по добыче твердых полезных ископаемых»

Қолданыста Бұйрық ·№ 160 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 мая 2018 года № 355 «Об утверждении Правил приобретения недропользователями и их подрядчиками товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по добыче твердых полезных ископаемых»
Атауы (қаз.)
«Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
160
Қабылданған күні
28.03.2020
Көрсетілген редакция
28.03.2020 140908_452496.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020191
ЭКБ идентификаторы
140908
Редакция идентификаторы
140908_452496
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:25

0

«Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17064 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 29 маусымда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
85-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіндегі:
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген «CT-KZ» түріндегі тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе индустриялық сертификатты ұсынған немесе «Қазақстандық қамту» интернет-порталы ақпараттық жүйесінде орналастырылған жағдайда қазақстанда шығарылған ТЖҚ-ді сатып алу, не мұндай ТЖҚ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін жағдайда, шет елде шығарылған ТЖҚ-ді сатып алу.
Осы тармақша өндірістің тоқтауына және көлемін төмендетуге жол бермеу, сондай-ақ өндірістік процестерге тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында ғана қолданылады.»;

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы