О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 21 сентября 2018 года № 427 «Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования областного значения Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 21 сентября 2018 года № 427 «Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования областного значения Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 «Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 431
- Қабылданған күні
- 29.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2021 163286_555313.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21C0026415
- ЭКБ идентификаторы
- 163286
- Редакция идентификаторы
- 163286_555313
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:15
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427
«Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 «Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5951 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
7 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 431 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 427 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері
№
Автомобиль жолының индексі
Автомобиль жолының атауы
Жалпы ұзындығы (шақырым)
1
2
3
4
1
KD-1
«Ақтөбе - Родниковка - Мәртөк»,
05-93 шақырым»
88
2
KD-2
«Дөң - Бадамша - «Ақтөбе - Орск»,
7-75 шақырым»
68
3
KD-3
«Шұбарқұдық - Ойыл - Қобда - Соль-Илецк»,
0-373 шақырым»
373
4
KD-4
«Покровка - Темір - Кеңқияқ - Ембі»,
0-179 шақырым»
179
5
KD-5
«Ақтөбе - Болгарка - Шұбарқұдық»,
16,5-191 шақырым»
174,5
6
KD-6
«Қобда - Мәртөк»,
0-82,565 шақырым»
82,565
7
KD-7
«Ақтөбе - Орск» - Петропавловка - Хазретовка»,
0-36 шақырым»
36
8
KD-8
«Шалқар - Бозой - Өзбекстан Республикасы шекарасы (Нүкіске)», 0-242 шақырым»
242
9
KD-9
«Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы»,
21,5-35,3 шақырым»
13,8
10
KD-10
«Ақтөбе - Орск»,
8-16 шақырым»
8
Барлығы:
1264,865