Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2018 года № 441 «Об утверждении перечня товаров, в отношении которых условный выпуск не допускается»

Қаулы · № 827 · қабылданған 01.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2018-no-441-ekb-135739/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2018 года № 441 «Об утверждении перечня товаров, в отношении которых условный выпуск не допускается» Қолданыста Қаулы ·№ 827 ·01.11.2019
01.11.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2018 года № 441 «Об утверждении перечня товаров, в отношении которых условный выпуск не допускается»

Қолданыста Қаулы ·№ 827 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2018 года № 441 «Об утверждении перечня товаров, в отношении которых условный выпуск не допускается»
Атауы (қаз.)
«Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
827
Қабылданған күні
01.11.2019
Көрсетілген редакция
01.11.2019 135739_426003.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000827
ЭКБ идентификаторы
135739
Редакция идентификаторы
135739_426003
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:00

0 «Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі

№ 441 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 42, 226-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 21 шілдедегі
№ 441 қаулысымен
бекітілген
Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін
тауарлардың тізбесі
Р/с №
Тауардың/субпозицияның атауы
СЭҚ ТН коды
1
2
3
1
Қоюлатылмаған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт және кілегей
0401
2
Қоюлатылған немесе қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей
0402
3
Пахта, іріген сүт және кілегей, йогурт, айран және өзге де ферменттелген немесе ашытылған сүт және кілегей, қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған, дәмді хош иісті қоспалары бар немесе оларсыз, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылған немесе қосылмаған
0403
4
Қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүт сарысуы; басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүттің табиғи компоненттерінен жасалған өнімдер
0404
5
Сары май және сүттен жасалған майлар мен өзге де тоң майлар; сүт пасталары
0405
6
Ірімшік және сүзбе
0406
7
Шұжықтар және еттен, субөнімнен немесе қаннан жасалған соған ұқсас өнімдер; солардың негізінде дайындалған дайын тамақ өнімдері
1601 00
8
Еттен субөнімнен немесе қаннан жасалған өзге де дайын немесе консервіленген өнімдер
1602
9
Дайын немесе консервіленген балық; бекіре уылдырығы және балық уылдырығынан дайындалған оны алмастырғыштар
1604
10
Құрамында какао жоқ қанттан жасалған кондитерлік өнімдер (ақ шоколадты қоса алғанда)
1704
11
Құрамында какао бар шоколад және өзге де дайын тамақ өнімдері
1806
12
Құрамында какаосы бар немесе жоқ нан, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, тәтті тоқаштар, печенье және өзге де нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер; вафельді пластиналар, фармацевтикалық мақсаттарда пайдалануға жарамды бос капсулалар, мөрлеуге арналған вафельді қабаттар, күріш қағазы және ұқсас өнімдер
1905
13
Жеміс шырындары (жүзім ашытқысын қоса алғанда) және ашытылмаған және құрамында спирт қоспалары жоқ, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған көкөніс шырындары
2009
14
2825 тауар позициясында көрсетілген кальций оксиді мен гидроксидінен басқа, сөндірілмеген, сөндірілген және гидравликалық әк
2522
15
Боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкер нысанында портландцемент, қож цементі, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер
2523 10 000 0
2523 21 000 0
2523 29 000 0
2523 90 000 0
16
Медициналық гипсті бинттер
3005 90 310 0
17
6103 тауар позициясының бұйымдарынан басқа, ерлерге немесе ұл балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар
6101
18
6104 тауар позициясының бұйымдарынан басқа, әйелдерге немесе қыз балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар
6102
19
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж костюмдер, комплектілер, пиджактар, блайзерлер, шалбарлар, көкірекшесі және баулары бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетін киімдерден басқа)
6103
20
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж костюмдер, комплектілер, жакеттер, блайзерлер, көйлектер, белдемшелер, белдемше-шалбарлар, шалбарлар, көкірекшесі және баулары бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетін киімдерден басқа)
6104
21
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж жейделер
6105
22
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж блузкалар, блузалар және блузондар
6106
23
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған кальсондар, трусилер, түнгі жейделер, пижамалар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және машинамен немесе қолмен тоқылған ұқсас трикотаж бұйымдар
6107
24
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған жұқа іш киімдер, ішкі белдемшелер, трусилер, панталондар, түнгі жейделер, пижамалар, пеньюарлар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және ұқсас трикотаж бұйымдар
6108
25
Машинамен немесе қолмен тоқылған майкалар, жеңдері бар күпәйкелер және өзге де ішінен тоқылған трикотаж күпәйкелер
6109
26
Машинамен немесе қолмен тоқылған свитерлер, пуловерлер, кардигандар, кеудешелер және ұқсас трикотаж бұйымдар
6110
27
Машинамен немесе қолмен тоқылған балалар киімі және балалар киіміне трикотаж керек-жарақтар
6111
28
Машинамен немесе қолмен тоқылған спорттық, шаңғы тебуге арналған және суға түсетін трикотаж костюмдер
6112
29
5903, 5906 немесе 5907 тауар позицияларының машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж матадан жасалған киім заттары
6113 00
30
Машинамен немесе қолмен тоқылған өзге де трикотаж киім заттары
6114
31
Машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма колготкалар, ұзын шұлықтар, гольфтар, шұлықтар және подследниктер мен басқа да шұлық бұйымдары, қысымды бөліп тарататын компрессиялық шұлық бұйымдарын (мысалы, тамырлардың түйнеліп кеңеюімен ауыратын адамдарға арналған шұлықтар) қоса алғанда және табаны жоқ аяқкиім
6115
32
Машинамен немесе қолмен тоқылған қолғаптар, биялайлар және трикотаж митенкалар
6116
33
Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж киімге дайын керек-жарақтар; машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж киімнің бөліктері немесе киімге керек-жарақтар
6117
34
6203 тауар позициясының бұйымдарынан басқа ерлерге немесе ұл балаларға арналған пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар
6201
35
6204 тауар позициясының бұйымдарынан басқа әйелдерге немесе қыз балаларға арналған пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар
6202
36
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған костюмдер, комплектілер, пиджактар, блайзерлер, шалбарлар, көкірекшесі және бауы бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетіндерден басқа)
6203
37
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған костюмдер, комплектілер, жакеттер, блайзерлер, көйлектер, белдемшелер, белдемше-шалбарлар, шалбарлар, көкірекшесі және бауы бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетіндерден басқа)
6204
38
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған жейделер
6205
39
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған блузкалар, блузалар және блузондар
6206
40
Ерлерге немесе ұл балаларға арналған майкалар және өзге де дене күпәйкелер, кальсондар, трусилер, түнгі жейделер, пижамалар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және ұқсас бұйымдар
6207
41
Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған майкалар және өзге де ішкі күпәйкелер, комбинациялар, ішкі белдемшелер, трусилер, панталондар, түнгі жейделер, пижамалар, пеньюарлар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және ұқсас бұйымдар
6208
42
Балалар киімі және балалар киіміне керек-жарақтар
6209
43
5602, 5603, 5903, 5906 немесе 5907 тауар позицияларының материалдарынан жасалған киім заттары
6210
44
Спорттық, шаңғы және суға түсетін костюмдер; өзге де киім заттары
6211
45
Машинамен немесе қолмен тоқылған немесе трикотаж емес бюстгальтерлер, белдіктер, корсеттер, иықбаулар, байламдар және ұқсас бұйымдар мен олардың бөліктері
6212
46
Орамалдар
6213
47
Шарфтар, мойын орамалдар, мантильялар, бетперделер және ұқсас бұйымдар
6214
48
Галстуктер, мойынтақтар және мойын орамалдар
6215
49
Қолғаптар, биялайлар және митенкалар
6216 00 000 0
50
Киімге өзге де дайын керек-жарақтар; 6212 тауар позициясына енгізілгендерден басқа киім бөліктері немесе киімге керек-жарақтар
6217
51
Жол көрпелері мен жамылғылар
6301
52
Төсек жаймалары, асхана, туалет және асүй жаулықтары
6302
53
Резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған табаны бар және үсті табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім
6403
54
Ершікті тартқыштар
8701 20 101 3
8701 20 101 8
8701 20 901 4
8701 20 901 5
8701 20 901 7
55
Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары
8702 10 119 9
8702 10 919 9
8702 90 119 0
8702 90 319 0
56
Жеңіл автомобильдер
8703 21 109 9
8703 22 109 9
8703 23 194 0
8703 23 198 1
8703 23 198 8
8703 24 109 8
8703 80 000 2
8703 32 199 0
57
Жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары
8704 21 310 0
8704 21 910 0
8704 22 910 8
8704 23 910 8
8704 31 910 0
58
Жолсыз жағдайларда пайдалануға арналған өзі аударғыш автомобильдер
8704 10 102 9
8704 10 101 9
59
Кабельдер және жалғау құралдары бар немесе оларсыз басқа да оқшауланған электр өткізгіштері
8544 30 000 7
8544 49 200 0
8544 49 910 8
8544 49 950 9
8544 49 990 0
8544 60 100 0
8544 60 900 9
60
Кереуетке айналатын немесе айналмайтын отыруға арналған жиһаз (9402 тауар позициясында көрсетілгеннен басқа)
9401 30 000
9401 40 000 0
9401 61 000 0
9401 69 000 0
9401 71 000 9
9401 80 000 9
61
Өзге де жиһаз
9403 10
9403 20 200 9
9403 20 800 9
9403 30
9403 40
9403 50 000
9403 60
62
Үш дөңгелекті велосипедтер, самокаттар, педальді автомобильдер және дөңгелектері бар осыған ұқсас ойыншықтар; қуыршақтарға арналған арбалар; қуыршақтар, басқа да ойыншықтар; кішірейтілген өлшемдегі («масштабтағы») модельдер және қолданыстағы немесе қолданыстағы емес ойын-сауыққа арналған ұқсас модельдер; барлық түрдегі басқатырғыштар
9503 00

Қолданыстағы