Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 21 декабря 2018 года № 558 «Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров»

Қаулы · № 356 · қабылданған 06.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2018-no-558/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 21 декабря 2018 года № 558 «Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров» Қолданыста Қаулы ·№ 356 ·06.09.2024
06.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 21 декабря 2018 года № 558 «Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров»

Қолданыста Қаулы ·№ 356 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 21 декабря 2018 года № 558 «Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров»
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 558 «Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
356
Қабылданған күні
06.09.2024
Көрсетілген редакция
06.09.2024 200555_719136.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24N000356A
ЭКБ идентификаторы
200555
Редакция идентификаторы
200555_719136
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:45

0 Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 558 «Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 558 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8180 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау тарифтері 1 (бір) километрге 9 (тоғыз) теңге болып белгіленсін.».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Қостанай облыстық
мәслихаты сессиясының
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 141 шешімімен

Қолданыстағы