О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 67 «Об утверждении Перечня импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета и правил его формирования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 февраля 2018 года № 67 «Об утверждении Перечня импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета и правил его формирования»
- Атауы (қаз.)
- «Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 93
- Қабылданған күні
- 11.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2019 137071_432988.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019734
- ЭКБ идентификаторы
- 137071
- Редакция идентификаторы
- 137071_432988
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:23
0 «Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:
реттік нөмірі 207-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2207.
Биіктігі 60 см-ден асатын алынбайтын ернеулері бар, өздігінен жүрмейтін ашық темір жол, жүк вагондары (жартылай вагондары)*
8606 92 000 0-ден
»;
қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.
* тауарлар номенклатурасы код арқылы, сол сияқты тауарлар атауы арқылы да айқындалады.».
2 2. Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.