О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 21 мая 2019 года № 355 «Об утверждении Правил организации воспитательной, социально-правовой, психологической и идеологической работы с личным составом Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 21 мая 2019 года № 355 «Об утверждении Правил организации воспитательной, социально-правовой, психологической и идеологической работы с личным составом Вооруженных Сил Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 355
- Қабылданған күні
- 26.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2022 168210_597679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028246
- ЭКБ идентификаторы
- 168210
- Редакция идентификаторы
- 168210_597679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:45
0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18715 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
11-5, 11-6 және 11-7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11-5. МҚД бойынша сабақтар оқу жылына бекітілген бірыңғай тақырыптық жоспар және күнтізбелік жоспарлар бойынша әскери қызметшілердің мынадай санаттары бойынша тұрақты негізде өткізіледі:
1) ҚР ҚМ мен ҚР ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР ҚК бас басқармаларының, Тыл және қару-жарақ бастығы, әскер түрлері бас қолбасшылары, тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшылары басқармаларының, мекемелердің (әскери оқу орындарының, жергілікті әскери басқару органдарының) офицерлерімен – 20 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 2 оқу сағаты резервке бөлінеді;
2) әскери бөлімдердің (бригадалардың, полктердің, корабльдердің, базалардың, арсеналдардың, жеке батальондардың, дивизиондар мен роталардың) және бөлімшелердің (желілік батальондардың, дивизиондардың, роталардың, батареялардың және оларға теңестірілгендердің) офицерлерімен – 50 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 2 оқу сағаты резервке бөлінеді;
3) сержанттар және қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – 30 оқу сағатын қоса алғанда, 100 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 4 оқу сағаты резервке бөлінеді;
4) мерзімді қызмет қатардағы жауынгерлерімен – 160 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 6 сағат резервке бөлінеді.
11-6. МҚД бойынша сабақтар таңертеңгі уақытта мынадай есеппен өткізіледі:
1) офицерлермен – айына 2 рет (бірінші және үшінші дүйсенбі) екі оқу сағатынан;
2) сержанттар және қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – аптасына 1 рет дүйсенбі күндері екі оқу сағатынан;
3) мерзімді қызмет қатардағы жауынгерлерімен – аптасына 2 рет дүйсенбі мен жұмада (авиациялық базалар үшін – дүйсенбі мен бейсенбіде) 2 оқу сағатынан.
11-17. МҚД бойынша сабақтарды өткізудің негізгі нысандары:
1) келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және әскерге шақыру бойынша офицерлермен – дәріс, тестілеу (жазбаша жауап алу), оқыту кезеңінің (оқу жылының) қорытындысы бойынша бақылау сабағы;
2) мерзімді қызмет қатардағы жауынгерлерімен – дәріс, өзіндік дайындық, тестілеу (жазбаша жауап алу), оқыту кезеңінің (оқу жылының) қорытындысы бойынша бақылау сабағы;
3) әскери психология мен педагогика жүйесіндегі келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және әскерге шақыру бойынша офицерлермен – дәріс, тестілеу (жазбаша жауап алу), оқыту кезеңінің (оқу жылының) қорытындысы бойынша бақылау сабағы.»;
Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ротадағы (батареядағы, үшінші дәрежелі корабльдердегі) құжаттама:
1) ай сайын 25-і күніне қарай әзірленетін бір айға арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс жоспары;
2) ротада (батареяда, үшінші дәрежелі корабльдерде) қорытынды шығару журналы;
3) МҚД бойынша сабақтардың жоспар-конспектілері;
4) МҚД бойынша сабақтарға қатысуды және үлгерімін есепке алу журналы.».