О внесении изменений в постановление акимата от 21 ноября 2019 года № 406 «Об установлении размера платы за пользование жилищем из коммунального жилищного фонда в государственном арендном доме»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 21 ноября 2019 года № 406 «Об установлении размера платы за пользование жилищем из коммунального жилищного фонда в государственном арендном доме»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2019 жылғы 21 қарашадағы № 406 «Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 451
- Қабылданған күні
- 25.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2020 150821_501105.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20ND009669
- ЭКБ идентификаторы
- 150821
- Редакция идентификаторы
- 150821_501105
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:32
0 Әкімдіктің 2019 жылғы 21 қарашадағы № 406 «Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Лисаков қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» 2019 жылғы 21 қарашадағы № 406 қаулысына (2019 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі қаулының тақырыбында «тұрғын үйді» сөз тіркесі «тұрғынжайды» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
қазақ тіліндегі қаулының 1-тармағында «тұрғын үйді» сөз тіркесі «тұрғынжайды» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.