О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 21 июня 2019 года № А-6/284 «Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 21 июня 2019 года № А-6/284 «Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/284 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-8/429
- Қабылданған күні
- 06.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2025 213155_769510.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25B008429A
- ЭКБ идентификаторы
- 213155
- Редакция идентификаторы
- 213155_769510
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:54
0 «Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/284 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/284 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7263 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары
Ақмола облысы әкімдігінің
2025 жылғы 6 тамыздағы
№ А-8/429 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 21 маусымдағы
№ А-6/284 қаулысына
қосымша
Ақмола облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтары
1 1. Вячеслав су қоймасы:
Рекреациялық балық аулау аймағы Аршалы ауданының Арнасай және Михайловка ауылдарының арасында орналасқан, жалпы ұзындығы 71 километр шақырым болатын Вячеслав су қоймасының жағалау сызығының бүкіл периметрі бойынша белгіленген.
2 2. Шағалалы су қоймасы:
Рекреациялық балық аулау аймағы Зеренді ауданының аумағында орналасқан, жалпы ұзындығы 25 километр шақырым болатын Шағалалы су қоймасының жағалау сызығының бүкіл периметрі бойынша белгіленген.
3 3. Көпа көлі:
Рекреациялық балық аулау аймағы Көкшетау қаласының аумағында орналасқан, жалпы ұзындығы 15 километр шақырым болатын Көпа көлінің жағалау сызығының бүкіл периметрі бойынша белгіленген.
4 4. Сілеті су қоймасы:
Рекреациялық балық аулау аймағы Ақкөл және Ерейментау аудандарының аумағында орналасқан, жалпы ұзындығы 99 километр шақырым болатын Сілеті су қоймасының жағалау сызығының бүкіл периметрі бойынша белгіленген.