О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 21 августа 2019 года № 644 «Об утверждении Правил о служебных командировках личного состава Вооруженных Сил Республики Казахстан в пределах Республики Казахстан и Правил возмещения личному составу Вооруженных Сил Республики Казахстан расходов на служебные командировки, в том числе в иностранные государства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 21 августа 2019 года № 644 «Об утверждении Правил о служебных командировках личного состава Вооруженных Сил Республики Казахстан в пределах Республики Казахстан и Правил возмещения личному составу Вооруженных Сил Республики Казахстан расходов на служебные командировки, в том числе в иностранные государства»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 644 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 805
- Қабылданған күні
- 21.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2023 185681_651719.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23B0000805
- ЭКБ идентификаторы
- 185681
- Редакция идентификаторы
- 185681_651719
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:14
0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 644 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 644 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге арналған шығыстарды өтеу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша:
әскери бөлімдердің командирлері (командирлердің орынбасарлары) (мемлекеттік мекемелердің басшылары мен басшылардың орынбасарлары) (бұдан әрі – басшылар) үшін тәулігіне тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулігіне он айлық есептік көрсеткішті, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – жеті айлық есептік көрсеткішті және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – бес айлық есептік көрсеткішті құрайды;
мемлекеттік мекемелердің басшыларын қоспағанда, қызметкерлер үшін тәулігіне тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында жеті айлық есептік көрсеткішті, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – алты айлық есептік көрсеткішті және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – төрт айлық есептік көрсеткішті және ауылдық округтерде – екі айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Тұрғын үйді жалдау бойынша шығысты өтеу кезінде тәулік деп 24 сағатқа тең мерзім (сағат саны нақты минутына дейін) және іссапарға жіберілген пунктіге көлік құралы іс жүзінде келген сәттен бастап уақыт саналады.
Іссапарға жіберілген пунктіге келген (кеткен) уақытты айқындау мүмкін болмаған жағдайда (жол жүру құжатының болмауы), сол келген (кеткен) күннің сағат 12.00 болып саналады.
Жұмыскер іссапарға жіберілген пунктіде кемінде 24 сағат болған кезде егер қызметкердің сол күні тұрғылықты жеріне қайтып келуі мүмкін болмаған жағдайда, тұрғын үйді жалдау бойынша шығыс:
12 сағаттан астам тұрғын үйді жалдау бойынша шығысты өтеу нормасы бір тәулікте өтеледі.
кемінде 12 сағат тұрғын үйді жалдау бойынша шығысты өтеу нормасы жарты тәулік үшін өтеледі.
Қызметкерге тегін тұрғын үй ұсынылған жағдайда тұрғын үйді жалдау бойынша шығыс өтелмейді.
Қызметкердің бір тәуліктің ішінде бірнеше елді мекенде болуы кезінде тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығысты өтеу соңғы елді мекеннің нормасы бойынша жүргізіледі.
Қызметкерге тегін тұрғын үй ұсынылмаған жағдайда іссапар куәлігіне ұйымның (мекеменің) мөрімен және жауапты адамның қолымен расталған «тегін тұрғын үймен қамтамасыз етілген жоқ» деген жазба жасалады.
Жол жүру құжаттары болмаған кезде іссапар куәлігінде көрсетілген күн келу (кету) күні болып саналсын.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;