О внесении изменения в решение акима Акжаикского сельского округа Теректинского района от 21 февраля 2019 года №4 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Акжаикского сельского округа Теректинского района от 21 февраля 2019 года №4 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №4 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 13.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2020 134700_455943.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19ZLA05786
- ЭКБ идентификаторы
- 134700
- Редакция идентификаторы
- 134700_455943
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:31
0 Теректі ауданы Ақжайық ауылдық
округі әкімінің 2019 жылғы 21
ақпандағы №4 «Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 08 тамыздағы № 07-24/508 ұсынысы негізінде Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №4 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №5548 тіркелген, 2019 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі Абай ауылының, «Адил», «Расул», «Ақниет», «Олжас», «Рыскалиев Жардем» шаруа қожалықтарының және «Масқар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.».