О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Агашорынского сельского округа Иртышского района от 21 октября 2020 года № 1-03-09 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Агашорын Агашорынского сельского округа Иртышского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Агашорынского сельского округа Иртышского района от 21 октября 2020 года № 1-03-09 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Агашорын Агашорынского сельского округа Иртышского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс - шараларын тоқтату және Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қазандағы «Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы» № 1-03-09 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-03-02
- Қабылданған күні
- 03.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2021 152671_507687.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21PGC07202
- ЭКБ идентификаторы
- 152671
- Редакция идентификаторы
- 152671_507687
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:40
0 Шектеу іс - шараларын тоқтату және
Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің
2020 жылғы 21 қазандағы «Ертіс ауданы Ағашорын
ауылдық округі Ағашорын ауылының аумағында шектеу
іс - шараларын белгілеу туралы» № 1-03-09 шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 - 1 - бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 - бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық -санитариялық инспекторының 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 2-19/15 ұсынысы негізінде, Ағашорын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының аумағында ірі қара мал арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитариялық іс - шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қазандағы «Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округі Ағашорын ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-03-09 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6988 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.