О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 апреля 2020 года № 153 «Об утверждении Правил определения особенностей режима рабочего времени и времени отдыха педагога»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 апреля 2020 года № 153 «Об утверждении Правил определения особенностей режима рабочего времени и времени отдыха педагога»
- Атауы (қаз.)
- «Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 410
- Қабылданған күні
- 27.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2022 172247_594379.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029874
- ЭКБ идентификаторы
- 172247
- Редакция идентификаторы
- 172247_594379
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:47
0 «Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің
ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20449 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларында:
10 және 11 – тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарында, үш ауысымды оқыту режимінде жұмыс істейтін және оқушы орны тапшы білім беру ұйымдарынан басқа орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
11. Білім беру ұйымдарының бес күндік жұмыс аптасы режимінде жұмыс істейтін педагогтер үшін демалыс күндері сенбі және жексенбі болып табылады.
Үш ауысымда оқытатын білім беру және оқушы орны тапшы білім беру ұйымдарында алты күндік жұмыс аптасы режимінде жұмыс істейтін педагогтер үшін демалыс күні жексенбі болып табылады.
Тәрбиеленушілер үшін шарттық негізде қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін іске асыратын мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтері үшін жұмыс уақыты мен демалыс режимі ішкі тәртіп қағидаларында белгіленеді.»;
13–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Педагогтер үшін демалыс және жұмыс істемейтін мереке күндері оқу жүктемесі мен оқу сабақтарының ауысым кестесін ескере отырып, білім беру ұйымының жұмыс режиміне байланысты белгіленеді.
Білім алушылардың тәулік бойы болуы және белгілі бір уақыт, маусым ішінде болуы көзделген білім беру ұйымдарының педагогтері үшін білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлеріне, оқу сабақтарының ауысымдылығына және жұмыс кестесіне байланысты кемінде 12 сағат көлемде ауысымаралық демалыс беруді ескере отырып, жұмыс уақыты белгіленеді.».