Құжат мәтініне өту

«О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-299/2020 «Об утверждении правил аккредитации в области здравоохранения»

Бұйрық · № 93 · қабылданған 02.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2020-no-2992020/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
«О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-299/2020 «Об утверждении правил аккредитации в области здравоохранения» Қолданыста Бұйрық ·№ 93 ·02.06.2023
02.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-299/2020 «Об утверждении правил аккредитации в области здравоохранения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 93 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-299/2020 «Об утверждении правил аккредитации в области здравоохранения»
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
93
Қабылданған күні
02.06.2023
Көрсетілген редакция
02.06.2023 182534_647034.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032699
ЭКБ идентификаторы
182534
Редакция идентификаторы
182534_647034
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:35

0 «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 21852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес ««Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы»:
22-1 - тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Аккредиттеу туралы куәлік алу үшін білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – бағалау бойынша ұйым) Комитетке «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz, www.elicense.kz немесе Комитеттің кеңсесі арқылы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес «Білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәзбесінің (бұдан әрі –Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесі) 8-тармағына сәйкес құжаттар тапсырады.
Комитет тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ «электрондық үкімет» шлюзі арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен әділет органында бағалау бойынша ұйымының мемлекеттік тіркеліу (қайта тіркеуліу) туралы мәліметтерді алады.
24. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінде көрсетілген.»;
26,27 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың және цифрлық құжаттар сервисінен алынған мәліметтердің толықтығы құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеріледі.
Бағалау бойынша ұйым құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, Комитет Комитет басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды (еркін нысанда) жібереді.
27. Құжаттар мен мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде Комитет оларды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және құжаттарды қарау нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұйымның атауын, құжаттардың келіп түскен күнін, осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес мәліметтерді, әрбір ұсынылған құжат бойынша талдамалық ақпаратты, ұйымның аккредиттеу шарттарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің бар (жоқ) екендігі туралы қорытындыларды қамтитын талдамалық анықтаманы (еркін нысанда) жасайды.
Талдамалық анықтаманың негізінде алдын ала шешім қалыптастырылады.»;
44-1 - тармақпен толықтырылсын:
«44-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
47, 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Қызметтердің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау негізінде медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін медициналық ұйымдар «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы Комитетпен (бұдан әрі – аккредиттеуші орган) аккредиттелген ұйымға «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің 8-тармағына сәйкес осы Қағидалардың (бұдан әрі – Тізбе) 9-қосымшасына сәйкес құжаттарды береді.
48. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Тізбеде көрсетілген.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Медициналық ұйым аккредиттеуші органға Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.»;
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі аккредиттеу туралы куәлік немесе дәлелді бас тарту (еркін нысанда) болып табылады.
Аккредиттеу туралы куәлік Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге беріледі.
ӘРПК – нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін аккредиттеуші орган мемлекеттік қызметті қарау мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымға алдын ала шешім жібереді.
Медициналық ұйым аккредиттеуші органның алдын ала шешіміне оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық білдіреді немесе айтады.»;
95, 96,97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«95. Денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттеуден өту үшін Комитетке «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы немесе Комитеттің кеңсесі арқылы осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет тізбесі) 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
96. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі көрсетілетін қызмет тізбесінде келтірілген.»;
99,100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99. Көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың және цифрлық құжаттар сервисінен алынған мәліметтердің толықтығы құжаттар тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тексереді.
Денсаулық сақтау субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, Комитет өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды (еркін нысанда) жібереді.
100. Денсаулық сақтау субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Комитет оларды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және қарау нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау субъектісінің атауын, құжаттардың келіп түскен күнін, осы Қағидалардың 97-тармағына сәйкес мәліметтерді, әрбір ұсынылған құжат бойынша талдамалық ақпаратты, денсаулық сақтау субъектісінің аккредиттеу шарттарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы сондай-ақ көрсетілетін қызмет тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздердің болуы (болмауы) туралы қорытындыларды қамтитын талдамалық анықтама (еркін нысанда) жасайды.
Талдамалық анықтаманың негізінде алдын ала шешім қалыптастырылады.»;
113-1- тармақпен толықтырылсын:
«113-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«161. КМҚ және ҚБ аккредиттеу (Комитет басшысының бұйрығын тіркеу) туралы шешім шығарылғаннан кейін 5 (бес) жыл мерзімге осы Қағидалардың 25-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген көрсетілген қосымшаларға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларының осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
2023 жылғы « » _________

0 «Денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 93 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
«Денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі­нің Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – Ко­ми­тет)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
1) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz www.​eli​cens​e.​kz (бұ­дан әрі-пор­тал)
2) Ко­ми­тет­тің кең­се­сі ар­қы­лы;
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Өті­ніш­ті Ко­ми­тет­те тір­ке­ген сәт­тен ба­стап 13 (он үш) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­дың 8-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бі­лім алушы­лар­дың, тү­лек­тер­дің бі­лі­мі мен дағ­ды­ла­рын, ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­дың кә­сіп­тік да­яр­лы­ғын ба­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ды ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту (ер­кін ны­сан­да) ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы;
2) Ко­ми­тет­тің кең­се­сі – дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Бі­лім алушы­лар­дың, кә­сіп­тік да­яр­лық тү­лек­те­рі­нің және ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­дың бі­лі­мі мен дағ­ды­ла­рын ба­ға­лау бой­ын­ша ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті алу үшін мы­на­дай:
1) осы тіз­бе­нің қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш­ті;
2) осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ұй­ым­ның ма­ман­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді;
3) осы Қа­ғи­да­лар­дың 7-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ап­па­ра­ту­ра мен ме­ди­ци­на­лық құ­рал-сай­ман, си­му­ля­ци­я­лық жаб­дық­тың бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді;
4) осы Қа­ғи­да­лар­дың 5-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бі­лім алушы­лар­дың, кә­сіп­тік да­яр­лық тү­лек­те­рі­нің және ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­дың бі­лі­мі мен дағ­ды­ла­рын ба­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ның ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті алу­ға ар­нал­ған шар­ттар­да көз­дел­ген құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды.
Ба­ға­лау бой­ын­ша ұй­ым пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де құ­жат­тар құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі тү­рін­де бе­рі­ле­ді.
Ба­ға­лау бой­ын­ша ұй­ым Ко­ми­тет­тің кең­се­сі ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­ла­рын ұсы­на оты­рып, құ­жат­тар кө­шір­ме­лер­де не элек­трон­дық кө­шір­ме­лер­де элек­трон­дық по­шта­ға бе­рі­ле­ді kmfk@​dsm.​gov.​kz неме­се ық­шам дис­кі­де (оп­ти­ка­лық ақ­па­рат та­сы­мал­да­у­шы­сы).
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің заң­ды кү­шіне енуі;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­шім­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
3) ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
10
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің kmfk@​dsm.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген.
4. Дене мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар үшін пан­дус, ша­қы­ру түй­ме­сі, За­ғип­тар мен на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған так­тиль­ді жол, кү­ту за­лы, құ­жат­тар үл­гі­ле­рі бар та­ған­дар бо­луы ти­іс.
5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон нө­мір­ле­рі-1414, 8-800-080-7777

1 «Денсаулық сақтау саласындағы

білім алушылардың, кәсіптік
даярлық түлектерінің және
мамандардың білімі мен
дағдыларын бағалауды жүзеге
асыратын ұйымдарды
аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
тізбесіне
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау
Министрлігінің Медициналық
және фармацевтикалық
бақылау комитетінің
Төрағасына
____________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болса)
Өтініш
Білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектері мен денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеуді сұраймын __________________ (заңды тұлғаның толық атауы)
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны _____________________________________________________________
2. Құрылған жылы _____________________________________________________________
3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (анықтама)
_____________________________________________________________________________
(№ , кім және қашан берді)
4. Мекен жайы ________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
5. Есеп айырысу шоты __________________________________________________________
(шот №, банктің атауы және орналасқан жері)
6. Филиалдар, өкілдіктер _______________________ (орналасқан жері мен деректемелері)
7. Қоса берілген құжаттар __________________________ (тізімдеме)
8. Қоса берілген құжаттар __________________________ (тізімдеме)
Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізуге келісім беремін.
Аккредиттеуден өту үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Осы өтінішке қол қоя отырып, осы өтініште және қоса берілген құжаттарда баяндалған мәліметтердің шынайылығы мен анықтығы үшін толық жауапты боламын.
Ұйым басшысы __________ ______________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өтініш қарауға қабылданды "_____" ____________20___ж.
______________________________ аккредиттеуші органның жауапты
адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы _________

2 «Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі

Денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеу қағидаларына
9-қосымша
«Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі­нің Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – ак­кре­дит­те­у­ші ор­ган) ак­кре­дит­те­ген ұй­ым)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz www. elicense.kz Веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі-пор­тал)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Ак­кре­дит­те­у­ші ор­ган өті­ніш­ті тір­ке­ген күн­нен ба­стап 27 (жиыр­ма же­ті) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
1) осы Тіз­бе­де­гі 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­ды ак­кре­дит­те­уді жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту (ер­кін ны­сан­да)
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ақы­лы көр­се­ті­ле­ді.
Қыз­мет­тер­дің құ­ны ак­кре­дит­те­у­ші ор­ган­ның ре­сми сай­тын­да ор­на­ла­сты­ры­ла­ды.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы;
2) ак­кре­дит­те­у­ші ор­ган­ның жұ­мыс кесте­сі - дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.00-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ға дей­ін.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Тіз­бе­нің 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ак­кре­дит­теу стан­дарт­та­ры­на сәй­кест­і­гіне сырт­қы ке­шен­ді ба­ға­ла­удан өту­ге өті­ніш.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) ак­кре­дит­те­у­ші ор­ган­ның ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның ак­кре­дит­теу са­ла­сын­да­ғы стан­дарт­тар­ға және ден­са­улық сақ­та­уда­ғы са­па жө­нін­де­гі ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым ма­құл­да­ған ак­кре­дит­теу кри­те­рий­ле­ріне сәй­кес еме­сті­гі ту­ра­лы ше­ші­мі.
10
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да "же­ке ка­би­не­ті", сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің kmfk@​dsm.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген.
4. Дене мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар үшін пан­дус, ша­қы­ру түй­ме­сі, За­ғип­тар мен на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған так­тиль­ді жол, кү­ту за­лы, құ­жат­тар үл­гі­ле­рі бар та­ған­дар бо­луы ти­іс.
5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон нө­мір­ле­рі-1414, 8-800-080-7777

3 Мемлекеттік көрсетілетін

қызмет тізбесіне «Медициналық
ұйымдарды аккредиттеу олардың
сәйкестігін тану мақсатында
аккредиттеу стандарттары»
1-қосымша
Нысан
______________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Медициналық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік
Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 25-бабының, сыртқы кешенді бағалау нәтижелерінің негізінде медициналық ұйым
______________________________________________
(Медициналық ұйымның толық атауы)
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына/критерийлеріне сәйкестігіне 3 (үш) жыл мерзімге аккредиттелген деп танылады.
Бұйрық қоса беріледі және куәліктің ажарамас бөлігі болып табылады.
Ұйым басшысы ______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Қолы ______________________
Мөр орны
Куәліктің берілген күні "____" ______ 20___жыл
Тіркеу № __________________________________
Қаласы ________________________________

4 Мемлекеттік көрсетілетін

қызмет тізбесіне «Медициналық
ұйымдарды аккредиттеу олардың
сәйкестігін тану мақсатында
аккредиттеу стандарттары»
2-қосымша
Нысан
_________________________ -ге
(денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеу жөніндегі органның
толық атауы)
________________________ -ден
(медициналық ұйымның толық
атауы)
Аккредиттеу стандарттарына/критерийлеріне сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалаудан өтуге өтініш
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына/критерийлеріне сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау жүргізуді сұраймын, в 20______ж., қолайлы айда ___________ саны _________: аккредиттеу мақсатында.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________________________
2. Меншік нысаны _______________________
3. Құрылған жылы _________________________
4. Медициналық қызметке және (немесе) фармацевтикалық қызметке лицензияның нөмірі, берілген күні, сериясы ______________________________
5. Мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлік
________________________________________________________________________________
(қайта тіркеу) (анықтама) (№, сериясы, кім және қашан берді, заңды тұлға мәртебесі)
6. Есеп айырысу шоты _____________________________________________________________
(шот №, банктің атауы және орналасқан жері)
7. Медициналық қызмет түрі _______________________________________________________
(көрсетілетін қызметтердің түрлерін, бейіндерін көрсету)
8. Ұйымдық құрылым (оның ішінде жеке ғимаратта орналасқан құрылымдық бөлімшелер, филиалдар, өкілдіктер және объектілер) ________________ (бөлімшелерді, оның ішінде қуатын, орналасқан жерін және деректемелерін көрсете отырып, жеке ғимаратта орналасқан бөлімшелерді атап көрсету)
1) стационар төсек-орындарының саны: ___ төсек-орын және/немесе амбулаториялық-емханалық ұйымның/бөлімшенің ауысымына ___ келу қуаты
2) бекітілген халық саны ____;
3) орташа науқастардың 12 ай бойы стационарда емделген пациенттер және/немесе адам қабылдайтын емханада барлығы 12 ай ішінде бару саны: ___;
4) штат бірліктерінің жалпы саны: ___, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар: __, бос орындар: __
5) аутсорсингке берілген/қосалқы мердігерлік ұйымдар орындайтын қызметтерді санамалау: _____________________________________
9. Өзін-өзі бағалау бойынша деректерді енгізуге жауапты тұлға:
____________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, атқаратын лауазымы)
Байланыс телефоны және электрондық мекенжайы _______________________________
10. Медициналық ұйымның мекенжайы: _________________________________________
(пошта индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің№, коды көрсетілген телефон, факс)
11. Медициналық ұйымдардың электрондық мекенжайы және веб-сайтқа сілтеме (бар болса):__________________________
Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізуге келісім беремін.
Аккредиттеуден өту үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Осы өтінішке қол қоя отырып, осы өтініште және қоса берілген құжаттарда баяндалған мәліметтердің шынайылығы мен дұрыстығы үшін толық жауапты боламын.
Ұйым басшысы __________ _____________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өтініш қарауға қабылданды 20___ жылғы "____" _______
______________________________ аккредиттеуші органның жауапты адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы _________

5 Денсаулық сақтау саласындағы

аккредиттеу қағидаларына
15-қосымша
Нысан
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі «Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу»
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі­нің Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – Ко­ми­тет)
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
1) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz www.​eli​cens​e.​kz (бұ­дан әрі-пор­тал)
2) Ко­ми­тет­тің кең­се­сі ар­қы­лы;
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Өті­ніш­ті Ко­ми­тет­те тір­ке­ген сәт­тен ба­стап 13 (он үш) жұ­мыс кү­ні
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­дың 18-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да тәу­ел­сіз са­рап­та­ма­ны жү­зе­ге асы­ру­ға ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту (ер­кін ны­сан­да)
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді
7.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жү­гін­ген кез­де).
2) Ко­ми­тет кең­се­сі - дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­ті қа­был­дау және құ­жат­тар­ды тір­кеу ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы тәу­ел­сіз са­рап­та­ма­ны жү­зе­ге асы­ру­ға ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті алу үшін мы­на­дай:
1) осы тіз­бе­нің 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш­ті;
2) осы Қа­ғи­да­лар­дың 16-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да тәу­ел­сіз са­рап­та­ма­ны жү­зе­ге асы­ру­ға ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті алу­ға ар­нал­ған шар­ттар­да көз­дел­ген құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды.
3) осы Қа­ғи­да­лар­дың 17-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ұй­ым­ның ма­ман­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет
Ден­са­улық сақ­тау субъ­ек­ті­сі пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де құ­жат­тар элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі тү­рін­де бе­рі­ле­ді.
Ден­са­улық сақ­тау субъ­ек­ті­сі Ко­ми­тет кең­се­сі ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­ла­рын ұсы­на оты­рып, құ­жат­тар кө­шір­ме­лер­де не элек­трон­дық кө­шір­ме­лер­де элек­трон­дық по­шта­ға kmfk@​dsm.​gov.​kz неме­се ық­шам дис­кі­де (оп­ти­ка­лық ақ­па­рат та­сы­мал­да­у­шы­сы) бе­рі­ле­ді.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің заң­ды кү­шіне енуі;
2) ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
4) «Мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 12-ба­бы­на сәй­кес қа­лып­та­сты­ры­ла­тын мем­ле­кет­тік са­тып алу­ға жо­сық­сыз қа­ты­су­шы­лар­дың ті­зі­лі­міне ен­гі­зу.
10
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да "же­ке ка­би­не­ті", сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің kmfk@​dsm.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген.
4. Дене мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар үшін пан­дус, ша­қы­ру түй­ме­сі, За­ғип­тар мен на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған так­тиль­ді жол, кү­ту за­лы, құ­жат­тар үл­гі­ле­рі бар та­ған­дар бо­луы ти­іс.
5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон нө­мір­ле­рі-1414, 8-800-080-7777

6 Мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына «Денсаулық
сақтау саласында тәуелсіз
сараптаманы жүзеге асыратын
денсаулық сақтау субъектілерін
аккредиттеу»
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
министрлігінің медицина және
фармацевтикалық бақылау
Комитетінің төрағасы
____________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты
(болған кезде)
Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өтініш
Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
аккредиттеуді сұраймын____________________________________________________________
(полное наименование юридического лица)
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны _________________________________________________________________
2. Құрылған жылы _________________________________________________________________
3. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (анықтама)
__________________________________________________________________________________
(№ , кім және қашан берді)
4. Мекен жайы ____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің№, телефон, факс)
5. Есеп айырысу шоты _______________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің№, телефон, факс)
6. Филиалдары, өкілдіктері ___________________________________________________________
(шот№, банктің атауы және орналасқан жері)
7. Қоса беріліп отырған құжаттар ______________________________________________________
Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізуге келісім беремін;
Аккредиттеуден өту үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін;
Осы өтінішке қол қоя отырып, түпнұсқалығы үшін толық жауап беремін және осы өтініште және қоса берілген құжаттарда баяндалған мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі.
Ұйым басшысы __________ ___________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өтініш қарауға қабылданды "___"_20___ж.
______________________________ аккредиттеуші органның жауапты адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы _________

Қолданыстағы