Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 «Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через допол

Бұйрық · № ҚР ДСМ -136 · қабылданған 28.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2020-no-3032020-ekb-163708/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 «Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через допол Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ -136 ·28.12.2021
28.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 «Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через допол

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ -136 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 «Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через допол
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығын
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ -136
Қабылданған күні
28.12.2021
Көрсетілген редакция
28.12.2021 163708_560196.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100026510
ЭКБ идентификаторы
163708
Редакция идентификаторы
163708_560196
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:27

0

«Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кодекстің 221-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.
Кодекстің 221-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді және медицина қызметкерлеріне формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының, университеттік ауруханалардың базасында жүзеге асырады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну жолымен не көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуы негізінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті беруші ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында мониторингтің ақпараттық жүйесіне «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.»;
18-тармақ алып тасталсын;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 6-қосымша мынадай редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрінің міндетін атқарушы
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ -136 Бұйрыққа
қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім
беру қағидаларына
6-қосымша
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім және ғы­лым ұй­ым­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де);
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің мер­зі­мі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де:
1) бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сын то­лық игер­ген сәт­тен ба­стап, бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру және сер­ти­фи­кат­тау кур­ста­ры­ның ұз­ақ­тығ­ы­на қа­ра­ма­стан, оқу­ды аяқ­та­ған­нан кей­ін бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­дан және қай­та да­яр­ла­удан өт­ке­ні ту­ра­лы құ­жат­тар­ды бе­ру - 1 (бір) жұ­мыс кү­ні (бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сын то­лық мең­гер­ген жағ­дай­да);
2) құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты-30 (отыз) ми­нут­тан ас­пай­ды;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 30 (отыз) ми­нут­тан ас­пай­ды.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі
1) бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­дан өт­ке­ні ту­ра­лы: ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­дан өт­ке­ні ту­ра­лы ку­ә­лік;
2) сер­ти­фи­кат­тық кур­стан өт­ке­ні ту­ра­лы: ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға қо­сым­ша және бей­ре­сми бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша сер­ти­фи­кат­тық курс ту­ра­лы ку­ә­лік неме­се сер­ти­фи­кат­тық кур­стан өт­ке­ні ту­ра­лы анық­та­ма.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
же­ке тұ­лға­лар­ға - те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс (жек­сен­бі) және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі – сен­бі ара­лы­ғын­да (дүй­сен­бі – жұ­ма үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 14.00-ге дей­ін); 2) пор­тал­да-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі (неме­се се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі)
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге: ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
2) пор­тал­ға: элек­трон­дық түр­де­гі сұ­ра­ту.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2)көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) то­лық емес тіз­бе­сін бел­гі­леу жа­та­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал­да тір­кел­ген субъ­ек­ті­нің ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы пор­тал бір рет­тік па­роль бе­ру жо­лы­мен неме­се пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру жо­лы­мен элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­дік қо­сым­ша­да ав­то­ри­за­ци­я­ла­удан, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өту және қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.
Мүм­кін­ді­гі шек­те­улі адам­дар үшін пан­дус, ша­қы­ру түй­ме­сі, за­ғип­тар мен на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған так­тиль­ді жол, кү­ту за­лы, құ­жат­тар үл­гі­ле­рі бар та­ған­дар бо­луы ти­іс.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер­дің ме­кен­жай­ла­ры мен бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім және ғы­лым ұй­ым­да­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің үй-жай­ла­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.

Қолданыстағы