Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 «Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и н

Бұйрық · № 117 · қабылданған 20.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2020-no-3032020-ekb-183132/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 «Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и н Қолданыста Бұйрық ·№ 117 ·20.06.2023
20.06.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 «Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и н

Қолданыста Бұйрық ·№ 117 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 «Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и н
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығын
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
117
Қабылданған күні
20.06.2023
Көрсетілген редакция
20.06.2023 183132_648659.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032857
ЭКБ идентификаторы
183132
Редакция идентификаторы
183132_648659
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:19

0

«Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары жаңа редакцияда енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 117 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына
1-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыру және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) бағалау жөніндегі ұйым - денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;

2 2) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;

3 3) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;

4 4) білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесі - осымша білім берудің барлық бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыруға және өзектендіруге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;

5

5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;

6 6) денсаулық сақтау саласындағы маман - кәсіптік медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімі бар және медициналық және (немесе) фармацевтикалық практиканы немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

7 7) оқу нәтижелерін тану – мемлекеттік органның қосымша және формальды емес білім беру нәтижелерінің оның иесін кәсіби қызметте пайдалану мақсатында маңыздылығын растауы;

8 8) оқыту нәтижелері - қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламасы шеңберінде меңгерілген кәсіптік құзыреттердің білімі мен дағдыларын оң бағалаумен расталған;

9 9) сараптау ұйымы – білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым;

10 10) сертификаттау курсы - мамандық бейіні шеңберінде арнайы мамандандыру бойынша қосымша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны;

11 11) тағылымдама – теориялық дайындық нәтижесінде алынған кәсіптік білімді, іскерлік пен дағдыны практикада қалыптастыруға және бекітуге, сондай-ақ одан әрі кәсіптік қызмет үшін жұмыстың өзіндік ерекшелігін, озық тәжірибені зерделеуге бағытталған формальды емес білім беру нысаны;

12 12) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға оқуға қабылданған тұлға;

13 13) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.

3

3. Кодекстің 221-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.
Кодекстің 221-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді және медицина қызметкерлеріне формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының, университеттік ауруханалардың базасында жүзеге асырады.

4 4. Қосымша білім беру бюджет, жұмыс беруші қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен оның ішінде шетелдік ұйымдарға қосымша білім беруге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларда немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы және коммерциялық емес медициналық білім беру ұйымдарының клиникаларында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар жіберіледі.

5 5. Қосымша білім беру бағдарламаларын игеру тыңдаушының жұмыстан қол үзіп немесе жартылай қол үзіп оқу арқылы жүргізіледі.

Жұмыстан жартылай қол үзіп игеру жағдайында кадрлар жұмысын толық емес жұмыс уақытында орындай алады және сонымен қатар қосымша білім беру нысандарының бірі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) қашықтықтан білім беру оқытуды бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен белгіленген тәртіпте қашықтықтан білім беру оқытуды қолдана отырып, оқиды.

2 2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру тәртібі

6 6. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Каталог) жарияланған білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Каталогты сараптама ұйымы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде қалыптастырады, жариялайды және өзектендіреді.
Қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) каталогқа енгізу және жариялау төрт кезеңде жүргізіледі:

1 1) Каталогтың ақпараттық жүйесінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымынан өтінім беру;

2 2) өтінімді қарау және бағдарламаға сараптама тағайындау;

3 3) бағдарламаны сараптау;

4 4) Каталогта бағдарламаны жариялау және өзектендіру

7 7. Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай:

1 1) салалық біліктілік шеңберіне және денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіптік құзыреттерді қолдауға, тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламалары;

2 2) мамандық бейіні бойынша жаңа кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) игеруге бағытталған сертификаттау курсы болып бөлінеді.

8 8. Біліктілікті арттыру бағдарламалары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес төрт деңгейге бөлінеді.

9 9. Қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктілікті арттыру үшін 2 кредиттен (60 академиялық сағат) 9 кредитке (270 академиялық сағат) дейін, сертификаттау курстары үшін 10 кредиттен (300 академиялық сағат) және одан да көп кредитті құрайды. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.

Тағылымдаманың, семинардың, тренингтің, шеберлік сабақтардың, вебинардың, онлайн курстың ұзақтығын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы дербес айқындайды.

10 10. Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымы қосымша білім беру бағдарламалары тыңдаушыларының бастапқы (бастапқы) білім деңгейін анықтау үшін базалық, оқыту кезінде - ағымдағы, оқу аяқталғаннан кейін - қорытынды бақылау жүргізіледі.

11 11. Бағдарламаны меңгерген тыңдаушыларға қорытынды бақылаудың оң нәтижесі бойынша (шекті балдан жоғары):

1 1) біліктілікті арттыру – осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;

2 2) сертификаттау курстары – осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша маман меңгерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымшасы (транскрипт) бар сертификаттау курсы туралы куәлік беріледі.

Қосымшасыз сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт), оның ішінде шетелде алынғандар да жарамсыз болады;

3

3) шекті балдан төмен қорытынды бақылау нәтижесі бар тыңдаушыларға қайталама қорытынды бақылау тағайындалады. Қорытынды бақылаудың шекті балдан төмен нәтижесін қайта алған кезде тыңдаушыларға осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша игерілген бағдарламаның көлемін көрсете отырып, қосымша білім алғандығы туралы анықтама беріледі.
Формальды емес білім алуды аяқтаған денсаулық сақтау саласындағы мамандарға формальды емес білім алу туралы сертификат беріледі.

12 12. Шетелде қосымша білім беру бағдарламаларынан өткен денсаулық сақтау саласындағы мамандар қосымша білім туралы құжатты қосымшасымен (транскрипт) ұсынады.

Шет тілінде берілген құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы қосымша ұсынылады.

13

13. Біліктілікті арттырудан өту туралы өтініштерді қабылауды қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб - портал) арқылы электрондық форматта (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде жүзеге асырады.

14

14. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде келтірілген (бұдан әрі – тізбесі).
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну жолымен не көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық сұрау салуы негізінде веб-портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті беруші веб-портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының осы көрсетілетін қызметті берушіден қосымша немесе формальды емес білім алуын тексеруді, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді және қосымша білім алу аяқталмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету немесе анықтама беру туралы шешім қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлға жүзеге асырады.
Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші сұрау салу келіп түскен сәттен бастап он бес минут ішінде жүзеге асырады.
Өңдеу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3 немесе 4-і қосымшаларға сәйкес нысан бойынша біліктілігін арттырудан өткені туралы құжатты не қосымша білім алуды аяқтамағаны туралы анықтаманы береді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ веб - портал арқылы жүгінген кезде – Тізбеге сәйкес 3 (үш) сағаттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді мониторингтің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы Қағидаларды бекіткен, толықтырулар енгізген және (немесе) өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарына, веб-порталының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

15 15. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағының 6-қосымшасында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

16

16. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қате туындаған сәттен бастап дереу «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын және бірыңғай байланыс орталығын sd@nitec.kz электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрату жіберу арқылы хабардар етеді қатенің нақты уақытын көрсете отырып.

17

17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Веб - портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны жібереді және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

3 3-тарау. Қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану тәртібі

18 18. Қосымша білім беру құжаты біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын және (немесе) сертификаттық курсты қорытынды бақылаудың оң нәтижесі (шекті балдан жоғары) негізінде беріледі.

19 19. Шетелдік қосымша және формальды емес білім беру ұйымы берген қосымша және формальды емес білім туралы құжат мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады:

қосымша білім беру үшін:

1 1) қосымша білім беру атауының мәлімделген мамандыққа сәйкестігі;

2 2) қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығының осы Қағидалардың 9 – тармағына сәйкестігі;

3 3) игерілген бағдарламаның кредиттерін (сағаттарын) және құзыреттер тізбесін көрсете отырып, қосымша білім беру куәлігіне (транскрипт) қосымшаның болуы.

Формальды емес білім беру үшін – формальды емес білім туралы құжат немесе тағылымдама қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманға құрылымдық бөлімше басшысының пікірі.

20

20. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес қосымша және формальды емес білім беруді оқытудың расталған нәтижелерін растайды.

2 Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының каталогы

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына 1-қосымша
Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының каталогы

Ұй­ым­ның ата­уы
Бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы
Бағ­дар­ла­ма­ның мақ­са­ты
Бағ­дар­ла­ма­ның ұз­ақ­тығы (кре­дит­пен)
Ны­са­на­лы топ
Бағ­дар­ла­ма сәй­кес ке­ле­тін са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рін­де­гі бі­лік­ті­лік дең­гейі
Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның дең­гейі (ба­за­лық, ор­та, жо­ға­ры, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған).
1
2
3

3 Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына 2-қосымша
Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері
Ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі, жыл­дар­мен
0-1
1-2
2-3
3-5
5-7
7-10
10-13
13-15
15-16
16-20
20-25
25-тен жо­ға­ры,
әрі қа­рай әр 5 жыл сай­ын
Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­дың бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның дең­гей­ле­рі (ба­за­лық, ор­та, жо­ға­ры, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған)
Ба­за­лық дең­гей:
кә­сіп­тік қыз­мет­тің жал­пы мә­се­ле­ле­ріне сәй­кес ке­ле­тін бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру цик­л­де­рі
Ор­та­ша дең­гей:
кә­сіп­тік қыз­мет­тің те­рең­де­ті­л­ген мә­се­ле­ле­ріне сәй­кес ке­ле­тін бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру
Жо­ға­ры дең­гейі:
кә­сіп­тік қыз­мет­тің ин­но­ва­ци­я­лық, озық тех­но­ло­ги­я­ла­ры­ның те­рең­де­ті­л­ген мә­се­ле­ле­ріне сәй­кес ке­ле­тін бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру
Жо­ға­ры дең­гейі:
кә­сіп­тік қыз­мет­тің ин­но­ва­ци­я­лық, озық тех­но­ло­ги­я­ла­ры­ның те­рең­де­ті­л­ген мә­се­ле­ле­ріне сәй­кес ке­ле­тін бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дең­гей: ха­лы­қа­ра­лық неме­се ше­тел­дік оқы­ту
кә­сіп­тік қыз­мет­тің ин­но­ва­ци­я­лық, озық жо­ға­ры тех­но­ло­ги­я­лық ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дең­гей:
ха­лы­қа­ра­лық неме­се ше­тел­дік оқы­ту
кә­сіп­тік қыз­мет­тің ин­но­ва­ци­я­лық, озық жо­ға­ры тех­но­ло­ги­я­лық ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­те­ріне

4 Біліктілікті арттыру туралы сертификат № ______

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Біліктілікті арттыру туралы сертификат № ______
Осымен _____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20 ___ жылғы «____» _______________ бастап «____» ______________________________
дейін __________________________________________________________________ мамандығы
бойынша ____________________________________________________________________ циклі
бойынша ________________________________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін
куәландырады біліктілік деңгейі
_________________________________________________________________
(бірінші, екінші, үшінші – көрсету )
_________________________________________________________________________________
(оқытқан ұйымның атауы)
_________________________________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі
біліктілік деңгейі _____________
Мөр орны
Берілген күні 20___ жылғы «____» ______________

5 Сертификаттау курсы туралы куәлік № ______

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына 4-қосымша
нысан
Сертификаттау курсы туралы куәлік № ______
Осымен _____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20 ___ жылғы «____» ________________ бастап «____» ________________ дейін________
________________________________________________________________мамандандыру
бойынша ______________________ сағат көлемінде_____________________________________
_____________________________________________________________________________
(оқытқан ұйымның атауы)
сертификаттау курсынан өткенін куәландырады
__________________________________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Сертификаттау курсының бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі
біліктілік деңгейі _________________________________
Мөр орны
Берілген күні 20___ жылғы «____» ______________

6 Сертификаттау курсы туралы

куәлікке қосымша
Оқытқан ұйымының атауы_________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
ТРАНСКРИПТ
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________________________
_________________________________________________________________________________
___________
Оқу күні
_____________________________________________________________________________________
Цикл атауы
_____________________________________________________________________________________
Мамандығы
_____________________________________________________________________________________
Мамандандыру
_____________________________________________________________________________________
Кредиттер саны
(сағат)________________________________________________________________________________

Тақырып атауы
Кредиттер саны
Қорытынды баға
Тіркеуші _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________
(қолы)
Тіркеу нөмірі № ________________
Берілген күні ________________

7 Қосымша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама № ______

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына 5-қосымша
нысан
Қосымша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама № ______
Осымен ___________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20 ___ жылғы «____» ___________________ бастап «____» ___________________ дейін
________________________________________________________________ мамандығы
бойынша
______________________________________________________________________ циклі
бойынша
___________________________________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін
куәландырады
__________________________________________________________ қосымша білім беру
бағдарламасы
___________________________________________________________________________
______
(біліктілікті арттыру немесе сертификаттау курсы-көрсету)
___________________________________________________________________________
______
(оқытқан ұйымның атауы)
___________________________________________________________________________
______
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Қосымша білім беру бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі
біліктілік деңгейі ________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
_______
(біліктілікті арттыру немесе сертификаттау курсы – астын сызу)
Мөр орны
Берілген күні 20___ жылғы «____» ______________

8 Денсаулық сақтау саласындағы

мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына 6-қосымша
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім және ғы­лым ұй­ым­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де);
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің мер­зі­мі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап - 3 (үш) са­ғат­тан ас­пай­ды;
құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - отыз ми­нут;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - отыз ми­нут.
пор­тал ар­қы­лы - құ­жат тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап 30 (отыз) ми­нут­тан ас­пай­ды.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі
1) бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­дан өт­ке­ні ту­ра­лы: қо­сым­ша бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру қа­ғи­да­ла­ры­на 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру ту­ра­лы ку­ә­лік «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­рын, ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­дар­ға қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын, сон­дай-ақ қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру ар­қы­лы ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар ал­ған оқу­дың нәти­же­ле­рін та­ну қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 21 жел­тоқ­сан­да­ғы № ҚР ДСМ-303/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21847 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген (бұ­дан әрі-Қа­ғи­да­лар);
2) сер­ти­фи­кат­тық кур­стан өт­ке­ні ту­ра­лы: ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ға қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру қа­ғи­да­лар­дың 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша сер­ти­фи­кат­тық курс ту­ра­лы ку­ә­лік.
3) қо­сым­ша бі­лім бе­ру­ді аяқ­та­мау ту­ра­лы: Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­дың қо­сым­ша және фор­маль­ды емес бі­лім бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес қо­сым­ша бі­лім алу­ды аяқ­та­ма­ған адам­дар­ға бе­рі­ле­тін анық­та­ма.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
те­гін
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі – жұ­ма са­ғат 13.00 -ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Бұл рет­те әр­бір қыз­мет бе­ру­ші жұ­мыс бе­ру­ші Ең­бек ко­дек­сі­нің 63-ба­бы­на сәй­кес ең­бек тәр­ті­бі қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес жұ­мыс ре­жи­мін бе­кі­те­ді;
2) пор­тал­да-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге: ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
2) пор­тал­ға: элек­трон­дық түр­де­гі сұ­ра­ту.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал­да тір­кел­ген субъ­ек­ті­нің ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы пор­тал бір рет­тік па­роль бе­ру жо­лы­мен неме­се пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру жо­лы­мен элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін пай­да­ла­ну­шы­лар­дың мо­биль­дік қо­сым­ша­да ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­то­ри­за­ци­ядан өту қа­жет, бұ­дан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» өлі­мін­де одан әрі пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­ты қа­рай­ды.
Мүм­кін­ді­гі шек­те­улі адам­дар үшін пан­дус, ша­қы­ру түй­ме­сі, за­ғип­тар мен на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған так­тиль­ді жол, кү­ту за­лы, құ­жат­тар үл­гі­ле­рі бар та­ған­дар бо­луы ти­іс.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер­дің ме­кен­жай­ла­ры мен бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім және ғы­лым ұй­ым­да­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің үй-жай­ла­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.

9 Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары

Бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына
2-қосымша.
Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.

2 2. Осы Біліктілік талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;

2

2) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – Қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;

3

3) симуляциялық технологиялар – дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар);

4 4) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.

2 2 - тарау. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары

3 3. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1 1) Кодекстің 221-бабының 6-тармағына сәйкес институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің болуы;

2 2) кадрлық қамтамасыз етуге:

жоғары оқу орындарында қосымша білім беруді (соның ішінде қашықтан оқытуды пайдалана отырып және көшпелі циклдарда) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді, ұлттық және ғылыми орталықтарды, ғылыми-зерттеу институттарын (бұдан әрі – ЖОО, ҒЗИ, ҰО) ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар, жоғары медициналық колледждерде педагогикалық санаты, қолданбалы немесе академиялық бакалавр дәрежесі бар тұлғалар өткізеді. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын штаттық оқытушы-профессорлар құрамының саны жалпы оқытушылар құрамының кемінде 40%-ын құрайды.
Практикалық сабақтарды өткізу үшін ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ педагогикалық қызметкерлердің жалпы санының 40 %-нан аспайтын практикалық денсаулық сақтау мамандарының қатарынан оқытушыларды тарту рұқсат етіледі;
ЖОО, ҒЗИ, ҰО қосымша білім беру оқытушыларының мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс өтілі және кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі болуы, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыруы;
жоғары медициналық колледждер оқытушыларының мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі және кемінде 3 жыл ғылыми - педагогикалық өтілі болуы, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыруы;

3 3) оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге:

біліктілікті арттыру бағдарламасының болуы;
бейінді халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық дерекқорларға, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қолжетімділіктің болуы;
оқытудың инновациялық, симуляциялық технологиялары мен интерактивті әдістерінің болуы;
базистік, ағымдағы және қорытынды бақылауды бағалаудың бақылау-өлшеу құралдарының болуы;

4 4) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге:

меншік құқығында не жедел (сенімгерлік) басқару, жалдау туралы шарттар бойынша аудиториялық қордың, тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық-техникалық нормалар мен қағидаларына сәйкес келетін сыныптардың, зертханалардың болуы;
меншік құқығында қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылар контингентінің көлеміне, интернет желісіне қол жеткізе отырып, баспа, аудио, бейне-материалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтың, кітапхана қорының, симуляциялық жабдықтың (манекендердің, муляждардың, тренажерлердің) санитариялық - техникалық нормалары мен қағидаларына сәйкес болуы;
мемлекеттік органдарды Бірыңғай көлік ортасына қосу;

5 5) денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім беру бағдарламаларын басқаруға:

қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылардың контингентіне сәйкес қосымша білім беру процесін басқаруды қамтамасыз ететін қажетті әкімшілік құрылымның және әкімшілік-басқару персоналының штатының болуы.

4 4. Денсаулық сақтау саласындағы формальды емес білім беру ұйымдарына білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыруға институционалдық аккредиттеу немесе аккредиттеу туралы куәліктің болуы талап етіледі.

Қолданыстағы