О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-305/2020 «Об утверждении номенклатуры специальностей и специализаций в области здравоохранения, номенклатуры и квалификационных характеристик должностей работников здравоохранения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-305/2020 «Об утверждении номенклатуры специальностей и специализаций в области здравоохранения, номенклатуры и квалификационных характеристик должностей работников здравоохранения»
- Атауы (қаз.)
- «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ - 305/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ - 23
- Қабылданған күні
- 16.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2021 153537_513455.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022349
- ЭКБ идентификаторы
- 153537
- Редакция идентификаторы
- 153537_513455
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:12
0
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ - 305/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту турал» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -305/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 желтоқсандағы ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1 қосымша:
Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулар номенклатурасында:
5-тарауда:
136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«136. Зертханалық диагностика»;
140-145-тармақтар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 3 қосымша:
Денсаулық сақтау жұмыскерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарында:
2- тарауда:
1-параграфтың 5-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау» және (немесе) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» даярлау бағыты бойынша жоғары білім (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім) және (немесе) МВА executive немесе full time дәрежесі, басшылық лауазымдарда кемінде бейін бойынша 5 жыл жұмыс өтілі.»;
2-параграфтың 8-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау» және (немесе) «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» дайындық бағыты бойынша жоғары білім (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім) және (немесе) МВА executive немесе full time дәрежесі, басшылық лауазымдарда кемінде бейін бойынша 2 жыл жұмыс өтілі.»;
3-параграфтың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Бизнес, басқару және құқық» дайындық бағыты бойынша жоғары (және/ немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (экономика, қаржы, құқықтық) немесе инженерлік-техникалық білімі және басшылық лауазымдарда бейін бойынша немесе денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілі немесе қосымша «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болған жағдайда басшылық лауазымдарда бейін бойынша немесе денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілі.»;
3-тарауында:
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Дәрігер (бейінді маман)*»;
2-параграфтың 26-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«*Ескертпе:
Эпидемиологиялық жағдайды және инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішін ескере отырып (бір науқасты оқшаулағанға дейін жұқтыратын адамдар саны)– 1,0, сондай-ақ стационарлардың төсек қорының бос болмау пайызы - 50% және одан да көп, карантиндік объектілерде (инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарлар) медициналық көмек көрсетуге резидент-дәрігерлер, сондай-ақ осы бұйрықтың 1 қосымшада көрсетілген өзге мамандық бойынша маманның қолданыстағы сертификаты болған кезде олардың келісімімен медицина қызметкерлері жіберіледі.»
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі