О внесении изменений в решение районного маслихата от 21 сентября 2020 года № 333 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Иргизском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 21 сентября 2020 года № 333 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Иргизском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 143
- Қабылданған күні
- 08.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2023 169033_657851.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22CE028462
- ЭКБ идентификаторы
- 169033
- Редакция идентификаторы
- 169033_657851
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:31
0 Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 қыркүйектегі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7502 болып тіркелген) № 333 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
9 тармақтың 2), 3), 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 6 айы ішінде (1 қаңтардан 15 сәуірге дейін, 15 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде уәкілетті органның ұсынған тізімдері негізінде;
3) Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының (бұдан әрі – «Ардагерлер туралы» Заң) күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 6 айы ішінде (1 қаңтардан 15 сәуірге дейін, 15 қазаннан 31 желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 5 000 (бес мың) теңге мөлшерiнде;
4) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;»;
14 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:
мүгедектерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;».