О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 21 октября 2020 года № 67-1 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 21 октября 2020 года № 67-1 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которы
- Атауы (қаз.)
- Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 67-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді ө
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15-4
- Қабылданған күні
- 13.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2024 193284_684664.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24SE768315
- ЭКБ идентификаторы
- 193284
- Редакция идентификаторы
- 193284_684664
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:13
0 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының
2020 жылғы 21 қазандағы № 67-1 «Солтүстік Қазақстан
облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды,
бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын,
сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 67-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6606 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
Қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ медициналық, өрт сөндіру және өзге де қауіпсіздік қызметтерін қамтамасыз ету шаралары мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
2020 жылғы 21 қазандағы
№ 67-1 шешіміне 2-қосымша
Пикеттеу өткізуге тыйым
салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында іргелес жатқан аумақтардың шекарасына 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді: