О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 апреля 2020 года № 69 «Об утверждении Описания идентификационных карт, правил их выдачи и использования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 апреля 2020 года № 69 «Об утверждении Описания идентификационных карт, правил их выдачи и использования»
- Атауы (қаз.)
- «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 179
- Қабылданған күні
- 11.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2020 149860_499471.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021785
- ЭКБ идентификаторы
- 149860
- Редакция идентификаторы
- 149860_499471
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:08
0 «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20463 болып тіркелген, 2020 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестендіру карталарының сипаттамасы, оларды беру мен пайдалану қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сәйкестендіру картасының беткі жағында:
1) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес қою көк реңде жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, одан төмен көк түсте жасалған қазақ тілдегі мемлекеттік органның атауы;
2) ортасында қазақ тілде қою көк түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және атқаратын лауазымы орналасқан;
3) cол жағында қызметкердің көлемі 2х3 сантиметр түрлі түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Қызметкер фотосуретке ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі;
4) оң жағында сәйкестендіру картасының сериялық нөмірі орналасқан;
5) төменгі жағында сәйкестендіру картасының жарамдылық мерзімі, мемлекеттік қызметшінің электронды поштасының мекенжайы және мемлекеттік органның интернет-ресурсының мекенжайы көрсетіледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сәйкестендіру картасының сыртқы жағында:
1) жоғарғы бөлігінің ортасында көк түсте орындалған орыс тілінде мемлекеттік органның атауы;
2) сол жағында қою көк түспен орыс тілінде қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және атқаратын лауазымы;
3) төменгі жағы – машинамен оқылатын аймақ, онда «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде немесе өзге ведомстволық ақпараттық жүйесінде бар негізгі ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) лауазымы, байланыс деректері) қамтитын QR-код орналастырылады.».