Құжат мәтініне өту

Об упразднении избирательных участков и внесении изменений в решение акима Железинского района от 21 октября 2021 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Железинского района»

Өзге акт · № 4 · қабылданған 17.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2021-no-2-ekb-185109/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
Об упразднении избирательных участков и внесении изменений в решение акима Железинского района от 21 октября 2021 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Железинского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 4 ·17.08.2023
17.08.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об упразднении избирательных участков и внесении изменений в решение акима Железинского района от 21 октября 2021 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Железинского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 4 · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об упразднении избирательных участков и внесении изменений в решение акима Железинского района от 21 октября 2021 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Железинского района»
Атауы (қаз.)
Сайлау учаскелерін тарату және Железин ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы «Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
17.08.2023
Көрсетілген редакция
17.08.2023 185109_648674.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23PF738314
ЭКБ идентификаторы
185109
Редакция идентификаторы
185109_648674
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:16

0 Сайлау учаскелерін тарату және Железин ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы «Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес Железин ауданының әкімі ШЕШТІ:

1 1. Железин ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы «Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24893 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің қосымшасында:
«№ 219 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Дүйсеке ауылы, Торговая көшесі, 1/1 (келісім бойынша);
сайлау учаскесінің шекарасы: Веселорощин ауылдық округі Дүйсеке ауылының аумағы.
№ 220 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Жаңабірлік ауылы, Школьная көшесі, 3/2 (келісім бойынша);
сайлау учаскесінің шекарасы: Веселорощин ауылдық округі Жаңабірлік ауылының аумағы.»;
«№ 248 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Груздевка ауылы, Груздевская көшесі, 7 (келісім бойынша);
сайлау учаскесінің шекарасы: Прииртышск ауылдық округі Груздевка ауылының аумағы.» сөздері алынып тасталсын.
2) көрсетілген шешімнің қосымшасында:
«сайлау учаскесінің шекарасы: Веселая роща ауылы,» сөздерден кейін «Дүйсеке ауылы,»;
«сайлау учаскесінің шекарасы: Веселорощин ауылдық округі Славяновка ауылының» сөздерден кейін «және Жаңабірлік ауылының»;
«сайлау учаскесінің шекарасы: Прииртышск ауылдық округі Прииртышск ауылының» сөздерден кейін «және Груздевка ауылының» деген сөздермен толықтырылсын.
3) № 236 және № 243 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 236 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Красновка ауылы, Ленин көшесі, 2, (келісім бойынша);
сайлау учаскесінің шекарасы: Красновка ауылының аумағы, Михайлов ауылдық округінің «Қызыл тұз» теміржол аялдама пункті.»;
«№ 243 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Раздельное ауылы, Раздельная көшесі, 13/1 (келісім бойынша);
сайлау учаскесінің шекарасы: Лесной ауылдық округі Раздельное ауылының аумағы.».
2. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді кейіннен ресми мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауды;
3) осы шешімді Железин ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облысы Железин ауданы әкімі аппаратының басшысы Қ. Б. Кималиденовке жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Железин ауданы аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А. Каримова

Қолданыстағы