Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/3-VII «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе Алтай»

Өзге акт · № 20/6-VII · қабылданған 09.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2021-no-83-vii-ekb-172039/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/3-VII «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе Алтай» Қолданыста Өзге акт ·№ 20/6-VII ·09.09.2022
09.09.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/3-VII «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе Алтай»

Қолданыста Өзге акт ·№ 20/6-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/3-VII «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе Алтай»
Атауы (қаз.)
Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/3-VII «Алтай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20/6-VII
Қабылданған күні
09.09.2022
Көрсетілген редакция
09.09.2022 172039_593404.kaz
Соңғы өзгеріс
09.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22VL029789
ЭКБ идентификаторы
172039
Редакция идентификаторы
172039_593404
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:11

0 Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/3-VII «Алтай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Алтай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/3-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25004 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Алтай ауданының мәслихат аппаратының басшысы осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданының мәслихатының интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Алтай ауданының мәслихатының
2022 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 20/6-VII шешіміне
қосымша
Алтай ауданының мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 8/3-VII шешіміне
1- қосымша
Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Алтай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметтін көрсету қағидаларына (бұдан әрі-Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі, Шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастармен жеке басын сәйкестендіру үшін, жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алудан бас тартуға негіз, Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы