Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/5-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай»

Өзге акт · № 19/6-VIII · қабылданған 04.09.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2021-no-85-vii-ekb-200528/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/5-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай» Күшін жойған 15.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/5-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай»

Күшін жойған Өзге акт № 19/6-VIII 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/5-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай»
Атауы (қаз.)
«Алтай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19/6-VIII
Қабылданған күні
04.09.2024
Көрсетілген редакция
15.05.2026 200528_821811.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24VL907616
ЭКБ идентификаторы
200528
Редакция идентификаторы
200528_821811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:48
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Алтай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Алтай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25020 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 2-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Алтай ауданының мәслихатының
2024 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 19/6-VIII шешіміне
қосымша
Алтай ауданының мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 8/5-VII шешіміне
2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар.
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер.
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.
Қандастар.
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
Толық емес отбасылар.