Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/5-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай»

Өзге акт · № 25/3-VIII · қабылданған 28.02.2025
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2021-no-85-vii/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/5-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай» Күшін жойған 15.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/5-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай»

Күшін жойған Өзге акт № 25/3-VIII 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 21 октября 2021 года № 8/5-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Алтай»
Атауы (қаз.)
«Алтай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25/3-VIII
Қабылданған күні
28.02.2025
Көрсетілген редакция
15.05.2026 207552_821807.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25VL913916
ЭКБ идентификаторы
207552
Редакция идентификаторы
207552_821807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:53
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Алтай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII

шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Алтай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 8/5-VII шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25020 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген 2-қосымша, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Алтай ауданының мәслихатының
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 25/3-VIII шешіміне
қосымша
Алтай ауданының мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 8/5-VII шешіміне
2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар.
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер.
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.
Қандастар.
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
Толық емес отбасылар.
Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар).