О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 21 апреля 2022 года № 133 «О некоторых вопросах Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 21 апреля 2022 года № 133 «О некоторых вопросах Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 268
- Қабылданған күні
- 22.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2024 199180_713071.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24G0000268
- ЭКБ идентификаторы
- 199180
- Редакция идентификаторы
- 199180_713071
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:27
0 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
17-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік Аппаратының басшысына Комитет қызметкерлерін тағайындау және лауазымдардан босату туралы ұсыныстар енгізеді;»;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік Аппаратының басшысына Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына үстемеақы белгілеу, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелері бойынша Министрлік Аппаратының басшысына ұсыныстар енгізеді;».
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қабылдауды;
2
2) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;