«О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 июля 2022 года № 163 «Об утверждении положений о территориальных органах Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы» и об отмене приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 25 июля 2019 года № 136 «Об утверждении положений о территориальных органах Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 июля 2022 года № 163 «Об утверждении положений о территориальных органах Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы» и об отмене приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 25 июля 2019 года № 136 «Об утверждении положений о территориальных органах Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 21 шiлдедегi № 163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 136 бұйрығының күшін
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 231
- Қабылданған күні
- 22.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2022 174384_604994.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22GS000231
- ЭКБ идентификаторы
- 174384
- Редакция идентификаторы
- 174384_604994
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:50
0 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 21 шiлдедегi № 163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының
2019 жылғы 25 шілдедегі № 136 бұйрығының күшін жою туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 21 шiлдедегi № 163 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес;»;
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген 18-қосымшаның «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы»:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық органы болып табылады.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 13.
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
15-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жызылсын:
«19) Агенттіктің Астана қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету, Әдеп жөніндегі кеңес қарайтын қызметтік тергеу жүргізу және тәртіптік істер бойынша материалдарды дайындау;».
2 2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 136 бұйрығының күші жойылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;