Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 июня 2022 года № 199 «Об утверждении Правил субсидирования возмещения расходов, понесенных национальной компанией в сфере агропромышленного комплекса при реализации продовольственного зерна для регулирующего воздействия на внутренний рынок»

Бұйрық · № 303 · қабылданған 05.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2022-no-199/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 июня 2022 года № 199 «Об утверждении Правил субсидирования возмещения расходов, понесенных национальной компанией в сфере агропромышленного комплекса при реализации продовольственного зерна для регулирующего воздействия на внутренний рынок» Қолданыста Бұйрық ·№ 303 ·05.09.2024
05.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 июня 2022 года № 199 «Об утверждении Правил субсидирования возмещения расходов, понесенных национальной компанией в сфере агропромышленного комплекса при реализации продовольственного зерна для регулирующего воздействия на внутренний рынок»

Қолданыста Бұйрық ·№ 303 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 июня 2022 года № 199 «Об утверждении Правил субсидирования возмещения расходов, понесенных национальной компанией в сфере агропромышленного комплекса при реализации продовольственного зерна для регулирующего воздействия на внутренний рынок»
Атауы (қаз.)
«Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 199 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
303
Қабылданған күні
05.09.2024
Көрсетілген редакция
05.09.2024 200500_720348.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035042
ЭКБ идентификаторы
200500
Редакция идентификаторы
200500_720348
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:46

0

«Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 199 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 199 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28554 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түліктік астықты өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Ұн тарту ұйымдары бірінші сұрыпты бидай ұнын бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалатын бидай нанын өндіретін жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілеріне, ал бірінші сұрыпты бидай ұнын өткізу жөніндегі жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілері болмаған кезде жақын маңдағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) кәсіпкерлік субъектілеріне өткізеді.
Ұнның шығымдылығы өңделген астық көлемінің кемінде 70% құрайды. Азық-түлік астығын өңдеу және бірінші сұрыпты ұнды өткізу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайды және жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ұзартылады.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Ұн тарту ұйымдары есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға белгіленген баға бойынша азық-түлік астығынан алынған бірінші сұрыпты бидай ұнының өткізілгенін растайтын құжаттарды жібереді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы