Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 21 января 2022 года № 21 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика по городу Житикара Житикаринского района Костанайской области»

Қаулы · № 234 · қабылданған 03.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2022-no-21-ekb-200477/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 21 января 2022 года № 21 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика по городу Житикара Житикаринского района Костанайской области» Қолданыста Қаулы ·№ 234 ·03.09.2024
03.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 21 января 2022 года № 21 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика по городу Житикара Житикаринского района Костанайской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 234 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 21 января 2022 года № 21 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика по городу Житикара Житикаринского района Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 21 «Қостанай облысы Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы бойынша біріңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
234
Қабылданған күні
03.09.2024
Көрсетілген редакция
03.09.2024 200477_718864.kaz
Соңғы өзгеріс
03.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24NJ102641
ЭКБ идентификаторы
200477
Редакция идентификаторы
200477_718864
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:48

0

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 21 «Қостанай облысы Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы бойынша біріңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің «Қостанай облысы Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы бойынша біріңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысы Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 2), 3), 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);»;
«8) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) -Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдай алады.».

2 2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы