Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 21 ноября 2022 года № 230 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Туркестанской области»

Қаулы · № 106 · қабылданған 07.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2022-no-230-ekb-197568/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 21 ноября 2022 года № 230 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Туркестанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 106 ·07.06.2024
07.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 21 ноября 2022 года № 230 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Туркестанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 106 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 21 ноября 2022 года № 230 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Туркестанской области»
Атауы (қаз.)
Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
106
Қабылданған күні
07.06.2024
Көрсетілген редакция
07.06.2024 197568_704169.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24U000106A
ЭКБ идентификаторы
197568
Редакция идентификаторы
197568_704169
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:11

0 Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мекемесі туралы Ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшаларымен толықтырылсын:

4-1 «4-1) коммуналдық меншіктегі әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

4-2 4-2) жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату;

4-3 4-3) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

4-4 4-4) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы теміржол қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілеу»;

16-тармақтың 38) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«төтенше жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік маңызы бар теміржол тасымалдарын уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау»;
25 тармақтың келесі редакцияда жазылсын:

25 «25. Басқарманың және қарамағындағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы ұйымдар:
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
«Түркістан халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы».

2 2. «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы