О внесении изменений в решение Кобдинского районного маслихата от 21 декабря 2022 года № 261 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кобдинского районного маслихата от 21 декабря 2022 года № 261 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 261 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 317
- Қабылданған күні
- 28.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2025 210019_756470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25CG871504
- ЭКБ идентификаторы
- 210019
- Редакция идентификаторы
- 210019_756470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:49
0 Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 261 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 261 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 31488 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша, қосымшасының тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «жұмсаған» сөзі «жұмсалған» сөзімен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Қобда ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібінде және мөлшерінде:
қазақ тіліндегі 6 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.», орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.