О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 21 февраля 2022 года № 43 «Об утверждении Правил ведения государственного кадастра особо охраняемых природных территорий Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 21 февраля 2022 года № 43 «Об утверждении Правил ведения государственного кадастра особо охраняемых природных территорий Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 195
- Қабылданған күні
- 02.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2026 I229761_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039826
- ЭКБ идентификаторы
- 229761
- Редакция идентификаторы
- I229761_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.09.2026 03:31
0 «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3. Мемлекеттік кадастрды ЕҚТА жүйесін дамыту бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдалану, экологиялық желіні қалыптастыру және жерді ұтымды пайдалануды жоспарлау және биологиялық саналуандықты, бірегей табиғи ландшафттарды сақтауды ескере отырып, өңірлердің өндіргіш күштерін орналастыру мақсатында уәкілетті органның аумақтық органдары және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары ұсынатын мәліметтері негізінде тұрақты негізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізеді.
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
5. Кадастрлық іс әрбір ЕҚТА-ға жеке ресімделеді және оған мыналар кіреді:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдарды ЕҚТА құру туралы шешімі;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
6. Республикалық кадастрлық кітапта оларды қорғау режимінің түрін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе астананың, облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдарды ЕҚТА құру туралы шешімін көрсете отырып, әрбір облыс бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған барлық ЕҚТА көрсетіледі.
Республикалық кадастрлық кітапқа енгізілетін әрбір ЕҚТА-ға кадастрлық нөмір беріледі. Тиісті ЕҚТА-ға ресімделетін кадастрлық іс осы нөмірмен сәйкестендіріледі.
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
9. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес уәкілетті органның аумақтық органдары және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары уәкілетті органға жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылған ЕҚТА-ға қатысты осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
10. Кадастрлық іс ресімделетін құжаттарға немесе мәліметтерге өзгерістер енгізілген жағдайда, мұндай өзгерістер туралы уәкілетті органның аумақтық органдары мен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары электрондық жеткізгіштердегі тиісті құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, уәкілетті органды дереу хабардар етеді.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі