Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 21 февраля 2022 года № 43 «Об утверждении Правил ведения государственного кадастра особо охраняемых природных территорий Республики Казахстан»

Бұйрық · № 161 · қабылданған 16.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2022-no-43/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 21 февраля 2022 года № 43 «Об утверждении Правил ведения государственного кадастра особо охраняемых природных территорий Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 161 ·16.07.2024
16.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 21 февраля 2022 года № 43 «Об утверждении Правил ведения государственного кадастра особо охраняемых природных территорий Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 161 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 21 февраля 2022 года № 43 «Об утверждении Правил ведения государственного кадастра особо охраняемых природных территорий Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
161
Қабылданған күні
16.07.2024
Көрсетілген редакция
16.07.2024 198836_711482.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034749
ЭКБ идентификаторы
198836
Редакция идентификаторы
198836_711482
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:32

0 «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларында:
1 тараудың атауы мынандай редакцияда жазылсын:
«1 тарау. Жалпы ережелер»;
2 тараудың атауы мынандай редакцияда жазылсын:
«2 тарау. Мемлекеттік кадастрды жүргізу тәртібі»;
7 тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік кадастр ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалана отырып, электрондық жеткізгіштерде жүргізіледі.»;
9 тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес уәкілетті органның аумақтық органдары және облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар уәкілетті органға жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылған ЕҚТА-ға қатысты осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді электрондық жеткізгіштерде ұсынады.»;
10 тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«10. Кадастрлық іс ресімделетін құжаттарға немесе мәліметтерге өзгерістер енгізілген жағдайда, мұндай өзгерістер туралы уәкілетті органның аумақтық органдары мен облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар электрондық жеткізгіштердегі тиісті құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, уәкілетті органды дереу хабардар етеді.».
3 тараудың атауы алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

Қолданыстағы